Жыл мезгілінің көктемгі, қысқы және суық мезгілінде жиі кездесетін, ротавирустық гепатит, жұқпалы вирустары арқылы пайда болатын, асқазан – ішек жұқпалы ауруы балаларда жиі кездеседі.
Вирустар ағзаға, асқазан мен ішеке түсе отырып, өзінің көбеюіне арналған жағдайға ие болады және жұқпалы гастроэнтериттің белгілерін көрсетеді. Ағзаның улануы мен аурудың алғашқы белгілерінің пайда болуының 15 сағаттан 2-3 күнге дейін созылады. Ауру оқысынан пайда болады. Алғашқы белгілері: тәулігіне 5 ретке дейін іш өтеді және 3-4 ретке дейін құсады, жүрек айниды, бас ауырады, қатты әлсіздік пайда болады және температура көтеріледі, иісі бар, сары түсті, көбік тәрізді сұйық түрінде іш өтеді. Іштің жоғарғы жағы қатты ауырады және жиі шұрылдайды. Кейде, ауыр жағдайларда естен тану пайда болуы да мүмкін. Кішкентай балалар қатты ауырады. Аурудың алғашқы белгілері пайда болғаннан бастап дәрігерді үйге шақыру қажет, ауруды төсекке жатқызып, сұйықты көбірек ішкізіп, диета сақтау керек. Мүмкіндік болса, ауру адамды оңашалап, отбасының басқадай адамдарының улануына жол бермеу қажет.
Асқазан – ішек жұқпалы аурударына жол бермеу үшін алдымен қолды, денені, киімді таза ұстап, гигиенаны сақтау керек. Балалардың бойына тамақтандырудың алдында, тамақтан кейін қол жуу дағдысын сіңіріп, жуылмаған жемістерді және көкөністерді жеуге болмайтынын, сүтті міндетті түрде пісіру қажет екенін үйрету қажет. Барлық азық – түлік өнімдері, тағамдар масалардан, ұшатын, жорғалайтын, жәндіктерден қорғауы қажет, өйткені олар ауру бактерияларын тасушылар болып табылады. Азық – түліктер тоңазытқыштарда сақталады. Балаларға шикі жұмыртқалар жеуге болмайды, өйткені онда қауіпті микроб сальмонеллалар болуы мүмкін. Жұқпалы ішек ауруымен ауырған әрбір үлкен адам жеке – бас гигиенасын сақтамаған жағдайда отбасының басқа мүшелерін, ең алдымен кішкентай балаларды уландыруы әбден мүмкін.
