Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 (7182) 54-59-95 8 (7182) 54-58-47
Адрес: 140011, Павлодар қаласы, Естай көшесі 97,
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
7.00 ден-19.00-ге дейін
Ойын арқылы балалардың тілін дамыту

«Ойын- баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл- ойдың қалыптасуы мүмкін емес». В.А.Сухомлинский
Баланың бірінші әрекеті – ойын, сондықтан да оның мәні ерекше.

Ойын – адамның өмірге қадам басардағы алғашқы адымы.

Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән
салмай, өсер бала бола ма?» - деп айтқандай, баланың өмірінде
ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді танып, еңбекке деген қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойын балаларға ақыл-ой,адамгершілік, эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі деуге болады.
Баланың қуанышы мен реніші ойын кезінде анық байқалады, сонымен қатар
құрбыларымен тез тіл табысып, жақсы қарым - қатынас жасайды. Ойын – балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, өмірге ең қажет қасиеттерге тәрбиелейді,  ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. Ойын арқылы баланың бойына адамдық қасиеттерімен қатар білімге,өнерге құштарлығы қалыптасады.

Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік
қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу - тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.
Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиетімен сапасын, түсін  және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз. Осы аталған міндеттерді тәрбиеші
үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс.

Балалардың сөздік қорын, тілін дамытуда ойының  орны ерекше.
Ойын кезінде- баланың бойында ұйымдастыру қасиеттері  қалыптасады: ойлау, сөздік қор, сауаттылық, тапқырлық,шыдамдылық, әдептілік.
Ойын– баланың шын тіршілігі. Ойын-бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын
арқылы қоғамдық тәжірибені  меңгереді,психологиялық ерекшеліктері қалыптасады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мысалы кез келген бала жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды,сол арқылы бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасайды.Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды.
Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына
жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі
тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз.Ол өзін
еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз-барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.
Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырып, балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып, ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап
қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады.
Сонымен қатар ойын барысында бала үлкендермен, өз құрбыларымен қарым-қатынас жасайды. Әр бала өз жетістігіне қуанып, мәз болады. Сондықтан да ойын-тапсырмаларды таңдауда және іріктеуде
балалардың жас және жеке ерекшелігін ескерген жөн.
Ойын баланың физиологиясын ғана дамытпай, сонымен қатар тілін дамытуда
үлкен рөл атқарады. Ойынның әрбір түрінің өзіндік мақсат-міндеті, бағыты
болады. Міне, сондықтан да оқу-тәрбие үрдісінде әр түрлі
ойындар арқылы баланы жан-жақты дамыту ісіне ерекше көңіл бөлемін және бұл менің ең негізгі алдыма қойған мәселем. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін сөздік қорларын дамыту ісінде жаңа сөздерді меңгерту; үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру
тәрбиешінің басты міндеті.

 

«№9 сәбилер бақшасы» тәрбиеші Ш.Б.Маканова