Телефон доверия
8 (7182) 54-59-95 8 (7182) 54-58-47
Адрес: 140011, Павлодар қаласы, Естай көшесі 97,
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
7.00 ден-19.00-ге дейін
Логопедтің кеңестері
Логопедтің кеңестері

.Баласының бойынан кемдік не ақау байқаған ата-ана не істеуі қажет?

Сәби дүниеге келгеннен кейін ата-ана оның бойындағы әрбір өзгерісті мұқият қадағалап, дәрігерлерден үнемі кеңес алып тұру керек. Егер қандай да бір қалыпты емес өзгеріс байқала қалса, толық тексерткен жөн. Жергілікті денсаулық сақтау орындарында психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысын шығарып, емделуге жолдама беретін мекемелер бар. Онда арнайы педагогтер (логопед, дефектолог, педагог-психолог және әлеуметтік педагог) мен медициналық мамандардан (педиатр, невропатолог, психиатр және өзге медициналық қызметкерлер) құралған кеңес қызмет көрсетеді. Олар комиссия құру арқылы ақылдаса отырып қорытынды жасайды да, бойында ақауы бар баланы тиісті оңалту орталығында емделуге жібереді

   Оңалту орталығында бала арнайы емдеу-сауықтыру курсынан өтеді. Жоғарыда аталған педагогтер мен медициналық қызметкерлерден құралған команда баланың жағдайына баға беріп, оны емдеу жоспарын бекітеді. Бұл "командалық бағалау" деп аталады.

Баланың денсаулық жағдайы ауыр, орташа және жеңіл болуы мүмкін.

Баланың:

  • ешқандай дыбыс шығармауына;
  • еліктеу дыбыстарын шығаруына;
  • есихологиялық кемістікке ие болуына;
  • дыбыстау жолдарының толық жетілмеуі не әлсіз болуына;
  • кекештенуіне;
  • белгілі бір дыбыстарды айта алмауына;
  • бойында басқа кемістіктердің болуына қарай, оны осы үш топтың біріне жатқызып, тиісті дәрігерлердің емдеуі міндеттеледі.

Емдеу шаралары

Қосымша кемістіктер анықталады. Мәселен, балада физиологиялық, психологиялық кемістік түріндегі қосымша аурулар болуы мүмкін.

Емдеу жоспары. Әр бала үшін жеке оңалту жоспары жасалады. Себебі, балалардың ауру белгілері бірдей болғанымен, олардың табиғаты, жасы, мінез-құлқы, қосымша кемістіктері әртүрлі болуы мүмкін.

Емдеу уақыты және мерзімі. Әр бала аптасына кемі 3 рет, әр ретте 2 сағат мөлшерінде ем қабылдайды. Әр маман баланы оның жағдайына қарай 25-45 минут аралығында қабылдайды. Бұл баланың жағдайының ауыр-жеңілдігіне қарай 90 күннен басталып, 365 күнге дейін созылуы мүмкін.

Емдеу тәсілдері. Емдеу барысында, баланың жағдайына қарай психологиялық ем, массаж, ойындар мен қызықтыру тәсілдері сынды ондаған емдеу және оңалту шаралары қолданылады. Мәселен, тіл шықпаудың физологиялық себептері анықталса, дыбыстау жүйесінің мүшелеріне арналған массаж жасалады. Онда классикалық массаж, аппаратпен жасалатын массаж және қолданылмалы массаж түрлері бар. Массаж жасауға жіберу үшін дәрігер рұқсаты қажет.

Қызмет көрсету жолдары. Балалар жеке не шағын топта (2-3 бала) және толық топта (5 балаға дейін) тәрбиеленеді. Онда балалардың жағдайына қарай түрлі ойындармен қызықтырып емдеу шаралары жүзеге асырылады.

Ата-анаға тапсырма. Әр қабылдаған ем мен шара күнделікке тіркеліп жазылып, ата-аналарына қосымша тапсырма беріледі.

Оңалту орталығында балаға ем жасау және оны оңалту кезеңі аяқталғанда мамандар жиналып, тағы да "командалық бағалау" жасайды. Комиссия шешімімен бала үйіне қайтарылады не ары қарай ем алуын жалғастырады. Айта кетейік, оңалту орталығында ай сайын ата-аналарға арналған тренингтер мен семинарлар ұдайы түрде ұйымдастырылады.