Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
314264
Адрес: Chokina 96/1
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Wednesday 15.00-17.00
АТА-АНА НАЗАРЫНА " ҚАУІПСІЗ ТЕРЕЗЕ" ТУРАЛЫ КЕҢЕС!
АТА-АНА НАЗАРЫНА

АТА-АНА НАЗАРЫНА !!!
Қазіргі уақытта қалада балалардың жарақат алуы мен қайғылы жағдайға әкеліп соғатын негізгі себептердің бірі – терезеден құлау оқиғалары. Балалар табиғи қызығушылықпен ашық терезе алдында қауіп-қатерге бейім болып келеді. Әсіресе кіші жастағы балалар терезеден құлау қауіп-қатеріне жиі ұшырайды, бұл жастағы балалар терезе алдында ойнаудың қауіпті екенін түсінетін жаста емес.
Терезеден құлау оқиғалары көп жағдайда ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыру салдарынан болады. Осыған байланысты ата-аналарды өте сақ болуға және кішкентай балаларды терезесі ашық бөлмеде жалғыз қалдырмауларын сұраймыз.
Балаларды терезеден құлау жағдайынан қалай сақтауымыз керек?
1. Үйде балалар болған жағдайда, ешқашан терезені ашық қалдырмаңыз! Сіз балаңыздың жанында болғаныңызбен, өз назарыңызды басқа нәрсеге аударған мезетте балаңыз қайғылы жағдайға ұшырауы мүмкін.
2. Барлық жиһаздарды бала терезе алдына шыға алмайтындай етіп, терезе жанынан алшақ қойыңыздар. Егер бұл мүмкін болмаған жағдайда, балаларға терезеге жақын орналасқан кереует немесе басқа да жиһаздардың үстінде ойнауына рұқсат бермеңіз.
3. Ешқашан терезедегі москиттік торларға сенбеңіздер! Олар құлаудан сақтауға арналмаған, құлап бара жатқан балаларыңызды қорғай алмайды! Керісінше, москиттік тор қайғылы жағдайдың орын алуына әкеліп соғады, балалар москиттік торларды қауіпсіз деп ойлайды және терезеге сүйенгендей сол торларға сүйенеді. Көп жағдайда балалар осы тормен бірге құлап кетеді.
4. Мүмкіндік болса, терезені (желдеткішті) төменгі жағынан емес, жоғарғы жағынан ашыңыз.
5. Балаларыңыз терезені өз еркімен аша алмау үшін, терезелеріңізге бекіткіштер (арнайы бекіткіш) орнатыңыз!
Жоғарыда көрсетілген ұсыныстарды ескере отырып, Сіз жазатайым оқиғаның және қайғының алдын аласыз.Балабақша қызметкерлері барлық ата-анамен дөңгелек үстел ұйымдастырып,жақын маңдағы ұйымдарға да кеңес беріп ,"Есіңізге сақтаңыз,қауіпсіз терезе "тақырыбында ата-аналарға мағлұмат берілді.