Сенім телефоны
224245, 87057074063
Мекенжайы: Шокин к.96/1
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 13.00-17.00
"ҚАУІПСІЗ ТЕРЕЗЕ" АТА-АНАЛАРҒА КЕҢЕС!

«Қауіпсіз терезе» тақырыбында балабақшамызда әр бейсенбі сайын жоспарға сай жұмыстар атқарылады.Балабақшамызда бүгін «Терезеден құлап кетуден сақтан!» ,”Есіңде болсын” тақырыбында әңгіме жүргізілді.
Балаларды қызықтыратын терезенің арғы жағындағы әлемнің аса қауіпті екенін ескерте отырып, терезе алдына шығып тұруға болмайтыны жайында айтылды, себептері түсіндірілді.
Балалармен әңгіме барысында москит торларының ешқандай қорғаныш күші жоқ екенін, оның ең кішкентай баланың салмағынан да жеңіл екендігі жөнінде түсініктері бар екені байқалды.
Бала өмірі - баға жетпес байлық! Сондықтан терезеге қатысты қауіпсіздік шаралары міндетті түрде жасалу керек екенін ескеру керек.
-Бөлмеде бала болса, терезелерді ашық қалдырмаңыз;
-Терезенің тұтқасын бала өздігінен аша алмайтындай етіп бекітіңіз;
-Терезелердің ашылуына жол бермеу үшін терезелерге арнайы қорғаныс механизмдерін орнатыңыз;
-Баланың терезеге шықпауы үшін жиһаздың барлық түрлерін терезелерден алыс қойыңыз;
-Балаңызға терезе үстінде тұрып, көшеде не болып жатқанын терезеден қарауға үйретпеңіз, ол сіз болмаған кезде қайталауы мүмкін;
-Балалардың балконға ересектерсіз шығуына жол бермеңіз;
-Москит торы баланы құлап қалудан құтқара алмайтынын ұмытпаңыз. Тор қорғамайды, сонымен қатар балаларды оған сүйенуге итермелейді, өйткені балалар үшін бұл әйнек сияқты сенімді көрінеді.
Есіңізде болсын: балалардың қауіпсіздігі тек сіздің қолыңызда!