Сізді балаңыздың тіл кемістігі алаңдата ма?
(Ата-аналарға арналған логопедиялық кеңес)
Тіл қарым-қатынас құралы. Тіл арқылы адамдар өзара пікір алысады, бірін-бірі түснеді. Тіл адам психикасының ерекшеліктерін сөз арқылы бейнелеп, өзінің еркі мен сезім күйін, мақсат-мүддесін білдіреді. Бала 4-5 жастан ана тіліндегі барлық дыбыстарды дұрыс айта білуі керек. Мектеп жасына дейінгі балалардың арасында кейбір дыбыстарды бұзып, орнын алмастырып, шатастырып айтуы жиі кездеседі. «Есейген соң өзі түзеліп кетеді»,-деп көбінесе ата-аналар ондай ақауға көңіл бөле бермейді. Дыбыстың айтылуындағы кемістіктер баланың оқу, жазу дағдыларының, мінез-құлқының қалыптасуына, сабақ үлгеріміне кері әсерін тигізеді. Логопед-жалпы тіл мүкісі бар балалармен жұмыс жасайды. Маман ретінде ата-аналарға төмендегідей кеңес айтқым келеді. Баланың тілі жаңадан шығып келе жатқанда онымен бір тілде ғана және бала тілімен сөйлесу қажет. Мысалы, ня-ня, пи-пи, бум-бум т.б. сөздерге шектеу қойып, оның дұрыс еместігін түсіндіріп, нан, машина-деп таза айтқызып, баланың ұсақ қол маторикасымен көп жұмыс жасау керек. Ұсақ қол маторикасы арқылы баланың тілі дамиды. Баламен бірге үйде көбірек сурет салыңыздар, мозаика, пазл, түстерді қолдана отырып, сіздер өз балаларыңызды жан-жақты дамыта аласыздар. Кішігірім әңгіме құру үшін суретпен жұмыс жасап, балаға уақыт бөліп, кітап оқып беріңіз. Кітап оқу арқылы баланың ойы, танымы, логикалық ойлауы дамиды. Үйдегі сәби яғни, 1 жарым жастағы балаға тамақты езіп, немесе шайнап беруге болмайды. Өйткені бала тамақтанғанда оның тіл, жақ-сүйектері қозғалып жұмыс жасауы тиіс. Тістері қатты болу үшін балаларға сүйекті көбірек мүжіту керек, сору процесі даму үшін құрт беріңіз, ол өте пайдалы.
-
Ұйымдастыру. Ересек даярлық топ балаларын құрылымы мен тілдік дамуындағы анықталған ауытқу дәрежесінің себебін табу мақсатында логопедтік тексеру.
-
Балалармен жеке (топтық) әңгімелесу.
-
Диагностикалық сипаттағы арнайы тапсырмалар.
-
Топ тәрбиешілерімен, ата-аналармен әңгімелесу
-
Баланы қажет болған жағдайда неврологқа, сурдологқа ақыл-кеңеске жіберу.
-
Тексеру барысында алынған мағлұматты қорыту, логопедтік қорытынды жасау.
-
Тілдік қорытынды бойынша анықталған түзету жұмысының бағдарламасын жоспарлау.
