Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
(87182)676300
Адрес: Ак. Сатпаев көшесі, 241 (87182)676300
(87182)676298
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 9.00 - 18.00 дейін
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Ішек жұқпасынан қорғану тәсілдері

Дүниежүзінде жыл сайын жіті ішек жұқпасынан (ЖІЖ) балалардың 3-4 миллионы қайтыс болады, оның 80% екі жасқа толмаған балалар.
Таралуы жағынан ішек жұқпалары ЖРВЖ кейін екінші орында тұр.
ЖІЖ – бұл инфекциялық аурулар тобы, ол диареяға (дәретке жиі бару) апарып соғады және де асқазан-ішек жолдарының бұзылуымен және адам ағзасының уыттануымен, су тапшылығымен сипатталады.
ЖІЖ барлық түрлерінде дерлік диарея аурудың негізгі клиникалық сипаттамасы болып саналады – яғни ішек жұмысы бұзылып, дәрет сұйықталады.
ЖІЖ қоздырғыштары - бактерияның көптеген топтары және қоршаған орта әсеріне төзімді вирустар, олар қолда, ыдыста, ойыншықтарда және тұрмыстық заттарда, науқастың нәжісімен инфекцияланған топырақ пен суда ұзақ уақыт сақталады. Олардың кейбіреулері бөлме температурасында немесе одан да төмен температурада тамақ өнімдерінде көбейе алады. Ішек жұқпаларының қоздырғыштары көбінесе қайнатқанда және хлор құрамды зарарсыздандыру заттарымен өңдегенде жойылады.
Жұқпаның таралу жолдары – тамақ, су арқылы және тұрмыстық-қатынастық тұрғыда инфекцияланған тамақ пен су, қолданыстағы тұрмыстық заттар және ойыншықтар арқылы. Қоздырғыштар тамақ өнімдеріне лас қол, сонымен қатар шыбындар арқылы таралады. Сау адамның ағзасына ішек жұқпасының қоздырғыштары ауыз арқылы: тамақпен, сумен немесе жеке бас тазалығы сақталмаған жағдайда лас қолдар арқылы жұғады. ЖІЖ таралуына тазалықтың сақталмауы, оның ішінде жеке бас гигиенасын сақтамау, гигиена ережелерін бұза отырып дайындалған немесе сақталған тамақ өнімдерін қолдану себепші болады.
Науқас адам, сонымен бірге аурудың қоздырғыштарын тасымалдаушылар – жұқпаның көзі болып табылады. Жіті ішек жұқпасын жұқтыруға нәрестелер, жетілмей туған балалар, сонымен бірге табиғи емес жолмен тамақтанатын балалар бейім келеді. ЖІЖ кейінгі иммунитет тұрақсыз болып қалыптасады, осыған байланысты олардың арасында ауруға қайта шалдығу қаупі өте жоғары. ЖІЖ инкубациялық мерзімі бірнеше сағаттан 7 күнге дейін созылады.
Аурудың алдын алу үшін тамақ өнімдерін дайындау, тасымалдау және сақтау кезінде санитарлық нормалар мен ережелерді; дайын тамақ өнімдерін дайындау және қолданудың санитариялық және технологиялық ережелерін, сонымен бірге тамақ өндірісіндегі қызметкерлердің жеке бас ережесін қатаң сақтаулары қажет; жеке бас гигиенасын сақтау да аса маңызды.
ЖІЖ болдырмау үшін міндетті түрде:
- жеке бас тазалығы ережесін сақтау (тамақтанар алдында, дәретханаға барған соң қолды жуу);
- қайнатылмаған суды ішпеу;
- тамақ өнімдерін сақтау бойынша нұсқаулықтарды қатаң сақтау, оларды сатып алғанда сақтау мерзіміне назар аудару, тамақ өнімдерін сақтағанда тауарлардың бірге тұру ережесін сақтау, яғни шикі және піскен тамақтарды бірге сақтамау, тамақты шыбын-шіркейден, кеміргіштерден және басқа да жәндіктердан қорғау;
- тамақты дайындау ережесін сақтау, мұздатылған құс, балық, ет өнімдерін жылумен өңдеу алдында алдын ала жылытып, мұқият жуу керек;
- тамақты дайындауда, шикі өнімдерді өңдеуде қолданылатын барлық ас үйлік құрал-жабдықтарды жуып, залалсыздандыру қажет, міндетті түрде бөлек пышақтар және бөлшектеуге арналған тақтайшаларды қолдану қажет, дайын тамақты бөлме температурасында 2 сағаттан артық уақытқа қалдыруға болмайды;
- көкөністер, жемістерді таза, ағынды сумен мұқият жуып, одан кейін ыстық сумен шаю қажет.