Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
(87182)676300
Адрес: Ак. Сатпаев көшесі, 241 (87182)676300
(87182)676298
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 9.00 - 18.00 дейін
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Саңырауқұлақтар жеуге келетін, шартты түрде жеуге жарамды, жеуге келмейтін және улы болып бөлінеді
Саңырауқұлақтар жеуге келетін, шартты түрде жеуге жарамды, жеуге келмейтін және улы болып бөлінеді


Жеуге жарамды саңырауқұлақтар ащы дәмсіз, зиянды заттарсыз және оларда жағымсыз иіс болмайды. Бұл саңырауқұлақтар арнайы алдын ала дайындауды қажет етпейді. Жеуге жарамды саңырауқұлақтарға ақ саңырауқұлақ және оның келесі түрлері жатады: олар терекқұлақ, қайыңқұлақ, рыжик (қызғылт-сары түсті саңырауқұлақ), лисичка, опенок

(ағаштардың томарына немесе тамырына өсетін жіңішке, ұзын сабақты саңырауқұлақ), майқұлақ, мүкқұлақ, шампиньондардың түрлері, сазқатпа.

Шартты түрде жеуге жарамды саңырауқұлақтарға құрамында улы заттары бар, ащы дәмді немесе жағымсыз иісті саңырауқұлақтар жатады, бірақ олар осы қасиеттерін арнайы өңдеуден кейін жоғалтады. Шартты түрде жеуге жарамды саңырауқұлақтарға: груздь, волнушка, валуй (сарғыш саңырауқұлақ), серушка, краснушка, горькушка, молочай, сморчок (қалпақшасы бүріскен саңырауқұлақ) жатады. Бұл саңырауқұлақтарды тамаққа сулағаннан, пісіргеннен және суын төккен соң ғана, тұздап, маринадтаған соң немесе ұзақ уақыт алдын ала кептіргеннен кейін пайдаланған дұрыс. Осындай кулинарлық өңдеу саңырауқұлақтардың ащы дәмі мен жағымсыз иісін жояды.

Жеуге келмейтін саңырауқұлақтардың түрлері аса көп емес. Олар улы емес, бірақ жағымсыз иісі немесе дәмі бар және шартты жеуге жарамды саңырауқұлақтарға қарағанда ұзақ уақытқа созылған өңдеудің өзі ащы дәм мен жағымсыз иістерін кетірмейді.

Улы саңырауқұлақтар құрамында қатты әсер ететін улы заттар бар, олардан адамдар улануы мүмкін. Улы саңырауқұлақтарға: өңсіз арамқұлақ, шыбынжұт, сарғылт шампиньон, шайтан саңырауқұлақ, қошқыл қызғылт қолшатыр саңырауқұлақ жатады. Асқазан-ішек жолдары сырқаттанғанда, бауыр және бүйрек аурулары бар болса, заттар алмасуының бұзылуымен байланысты ауруларда (мысалы, подагра), тағамға саңырауқұлақтар мен саңырауқұлақ сорпасын қабылдауға болмайды, бұл оларда жоғары белсенді заттар және пуриндік негізді заттардың болуына байланысты екенін ескерген жөн.

Саңырауқұлақтарды жинау кезінде абайлау - олармен уланудың алдын алуға басты негіз мыналар:

Күдікті немесе белгісіз саңырауқұлақтарды жинауға болмайды.

Желінген немесе ескі және бүлінген саңырауқұлақтар жинауға болмайды. Сонымен бірге егіз-саңырауқұлақтар – улы және жеуге жарамсыз, сырт пішіні жеуге жарамды саңырауқұлақтар бар екенін білу керек. Осылайша, ақ саңырауқұлақтарға улы шайтан саңырауқұлақ және жеуге жарамсыз өтті саңырауқұлақ ұқсас болып келеді, ал шампиньонмен өңсіз арамқұлақ және қошқыл қызғылт қолшатыр саңырауқұлақ өте ұқсас болады. Осыған абай болған жөн


Уланудың алдын алу үшін оларды дұрыс өңдеу және сақтау аса маңызды.

Жаңа үзілген саңырауқұлақтар ұзақ сақтауға жатпайды. Олар өздерінің дәмдік қасиеттерін тез жоғалтып, ескіреді, сондықтан оларды өңдеуден жинағаннан кейін өткізген дұрыс. Жаңа жиналған саңырауқұлақтарды 10 градустан аспайтын температурада 18-24 сағат қана сақтауға болады.

Шартты жеуге жарамды саңырауқұлақтарды бірінші рет өңдегенде, консервілегенде мырышталған және қалайы ыдыстарды, саңылаусыз ыдыстар қолдануға болмайды.

Саңырауқұлақтармен уланудың алдын алуда оларды дұрыс сату ережесін сақтау маңызды болып табылады.

Базарларда түріне байланысты бөлінген саңырауқұлақтарды ғана сатуға болады. Қатаң түрде араласқан саңырауқұлақтарды, ұсақталған саңырауқұлақтар өнімдерін (саңырауқұлақ уылдырығы, салаттар) сатуға тыйым салынады.

Саңырауқұлақтармен уланған адамдарды дереу ауруханаға жатқызған дұрыс. Жедел ауруханаға жатқызуға жағдай болмаса, науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсетіледі, яғни асқазанды жедел түрде жуып, ішекті тазарту қажет.

Асқазанды жуу үшін науқасқа ас содасы қосылған 2-3 стақан су ішу қажет (1 л. суға 1 ас қасық сода) немесе калий перманганатының әлсіз ерітіндісін («марганцовка») беру керек. Осы процедураны ас және шырыш қосылмаған таза су аққанша 10-12 рет қайталайды. Асқазанды жуып, ішектерді тазалағаннан кейін су және тұз тапшылығын болдырмау мақсатында суытылған тұзды су беріледі (1 стақан суға 2 ас қасық).

Саңырауқұлақпен уланғанда алкоголь өнімдерін пайдалануға болмайды, себебі олар саңырауқұлақ уының тез сіңуіне басты себеп.