Паразитарлық аурулар адамдар арасында аса көп таралған аурулар түріне жатады. Паразитарлық ауруларға көп жағдайда дәл диагноз қою қиындық келтіреді, өйткені адам ағзасына келіп түскен ауру қоздырғыштар адам ағзасына әртүрлі клиникалық тұрғыда көрініс береді.
Гельминтоздар көп жағдайда ашық көрініс бермей, адам ағзасының әртүрлі органдары мен ұлпаларында паразиттерді көбейте отырып, олардың дұрыс жұмысын нашарлатады. Осының өзі әртүрлі клиникалық көріністеріне әкеліп соғады: олар ішек жұмысының нашарлауына, нерв жүйесі іс-әрекетінің бұзылуына, адам ағзасының ауруларға жалпы төтеп беруінің төмендеуіне, оның жұқпалы және соматикалық ауруларға бейім болуына әкеліп соғады.
Гельминтоздар клиникалық белгілеріне негізделіп анықтауға жатпайды. Соңғы 5 жыл ішінде Қарағанды облысының халқы үшін арасында аскаридоз ауруы кең етек алуда, ол облыс халқының 0,16% құрап отыр. Адамға аскаридоз ластанған топырақ, көкөністер, көкшөп, жидектер және ластанған немесе адамның нәжісімен қоректендірілген топырақ т.б. арқылы жұғады. Адам гельминттерді жеке бас гигиенасын сақтамаған жағдайда да жұқтыруы мүмкін (лас қол арқылы).
Аскарида жұмыртқалары бірнеше қабықтармен жабылған, соның арқасында қоршаған ортаның келеңсіз факторларына төтеп беруі жоғары болып келеді. Жаздың соңғы айларында топыраққа түскен аскарида жұмыртқалары келесі жылдың көктем айларында өсіп-жетіледі де көкөніс, жидектер, алғашқы көк шөптерге түсіп, осы азық-түліктерді пайдаланатындарға жұғады. Топырақта жұмыртқалар 2 жылдан бастап 5 жылға дейін сақталуы мүмкін. Аскарида жұмыртқаларын жоғары температура (100 градусқа дейін), күннің тік түскен сәулелері ғана жояды. Аскарида жұмыртқалары ластанған сумен құлпынайды, жасыл пиязды, шалғамды, салат жапырақтарын, қияр, қызанақ, сәбізді суарғанда жұғады, аскарида жұмыртқалары әсіресе тұқым шашу кезеңінде нәжістермен қоректендіру кезінде көкөністерге түседі.
Нәжістерді қоршаған ортаға шашырату, сонымен бірге өңделмеген нәжістерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға болмайтынын ескерген жөн.
Гельминтоздардың алдын алуда жеке бас гигиенасын сақтау, әсіресе балалардың сақтауы үлкен роль атқаратынын да естен шығармаған дұрыс.
Ағзаға ішек инфекцияларының қоздырғыштарын енгізбеу үшін:
● міндетті түрде тамақтанар алдында қол жуу керек;
● көкөніс, көкшөп, жемістерді сүзгіні қолдана отырып 5 минут ішінде ағынды таза сумен мұқият жуып барып пайдалану керек;
● дәретхана барған сайын міндетті түрде қолды жуу керектігін естен шығармаған жөн;
● жерге түскен заттарды аузына салмауын олардың естеріне үнемі салып отыру керек.
Жоғарыда көрсетілген қорғану шараларын әрдайым есте сақтап оны орындап отырсаңыз Сіз гельминттерді жұқтырмайсыз.
