Мектеп жасына дейінгі балалардағы тілдік кемістікті жою бойынша тәрбиелік түзету жұмыстарда ата-аналардың қатысуы.
Мектеп жасына дейінгі балалардағы тілдік кемістікті жою бойынша тәрбиелік түзету жұмыстарда ата-аналардың қатысуы.
Логопедиялық жұмысты ұйымдастыру жағдайында ата-аналармен жұмыс жасау бірнеше кезеңнен тұрады.
1. Ұйымдастыру кезеңі: ата-аналармен жұмысты олардың балалары топқа келүден (балабақшаға) бастап қамтиды;
2. Оқыту кезеңі; тілінде ақаулығы бар балалардың ата-аналарымен жүйелік жұмыс жүргізу болып табылады.
3. Соңғы кезең: отбасымен жұмыс істеудің тиімді әдістерін анықтау.
Ұйымдастыру кезеңі
Осы кезеңнің мақсаты: қызметтес болуға отбасының психологиялық дайындығы, балаларды тексеру нәтижесі тұралы ата-аналарды таныстыру. Осы кезеңде ата-аналармен жұмыстың негізгі түрлері: сауалнама, көрнекі – ақпараттық түрлері жүргізіледі.
Логопедтің ата – аналармен дәрістік жұмыс түріне кіретіні: ата-ана жиналысында логопедтің сөйлеуі, тақырыпты кеңес беру, логопедиялық сабақтарға ата-аналарды шақыру жатады, оларда балалардың сөйлеуінің даму ерекшеліктері т.б. көрсетіледі.
Ата-аналармен көрнекі – ақпараттық түрдегі жұмыстың осы кезеңінде қолданылатыны: тақырыпты кітаптар көрмесі, ақпараттық стенд т.б.. Олар баланың норма бойынша дамуы туралы деректері, сөйлеудің бұзылу түрлерінің сипаттамасы кіреді оларда қолданылған әдебиеттің тізімі келтіріледі.
Оқу кезеңі
Кезеңнін мақсаты: тіл ақауы бар балалардың сөйлеуін дамыту балалармен отбасында түзету жұмысының әдістеріне оқыту. Осы кезеңдегі ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың негізгі түрлері: кеңестік-ұсыныстық, және көрнекі-ақпараттық түрлері болып
Қортындылау кезеңде логопедпен ата – аналардын арасындағы байланыс болуда келесі мәселер шешіледі: отбасымен жұмыс жасаудын тиімді әдістерін анықтау, ата – аналармен үй жағдайында логопед тапсырмасын орындауына бақылау түрлерін қолдану.
Аяқтау кезеңінде сөйлеу бұзылысы бар балаларды тәрбиелеу және түзету оқу үрдісіне ата-аналардың саналы қатысуы, балаларда сөйлеу және әлеуметтік қатынастық дағдыларды тиімді дамыту, сондай-ақ баланың осындай сөйлеуі бұзылу түрімен үйлесімді дамуы логопед жұмысынң нәтижесі болып табылады.