Тақырып: «Үш тілді бірдей меңгеруде баланың психикасына тигізетін әсері».
Баламен жұмыс жасау барысында оның психологиялық ерекшеліктерін, даму заңдылықтарын, механизмдерін білу өте маңызды.
Мектепке дейінгі баланың мінез құлқы бірте – бірте реттеле бастайды, бірақ кей кезде өз іс- әрекетінде бала көп жағдайларды ескере бермейді. Өлең шумақтарын, тапсырмаларын рет-ретімен тез жаттайды, бірақ есте сақтағандарын саналы қолданады, себебі есте сақтау қабілеті еріксіз.
3 жасқа дейін бала эмоциясын көрсете алмайды , басқа баланың ренжігенін түсінбейді 4 – 5 жаста ғана бала мимика қимылымен көңіл күйін көрсете алады.
Осы шақтан бастап баланың эмпатиясын дамытуға көңіл аудару керек. Эмпатия – өзге адамдардың жан дүниесін түсіну. Эмпатиясы дамыған бала басқалардың жағдайын түсініп көмекке келеді, көңіл табысып, қарым -қатынас орната алады.
Баланың қызығушылығы әр уақытта қоршаған ортаны танып білуге бағытталған. Бала ойнай отырып, өзінің тәуелділігіне себеп-салдар байланысына тәжірибе өткізеді. Балада қоршаған ортадағы құбылыстарға байланысты көптеген сұрақтар туындайды. Ол өзіне нақты жағдайды елестетіп және оны шешуге тырысады. Бұл ішкі іс-әрекеттің қорытындысы. Кейбір міндеттерді шешу көрнекілік- бейнелеу деп аталады. Бейнелі ойлау 5 жасар баланың негізгі ойлау түрі.
Ерекшеліктері оқуға белсенділік әрекетін көрсетеді. Ойынға қызығушылықтары басым. Сондықтан ойын әдістерін қолданып, сабаққа түрлі үлгілерді еңгізу қажет. Үлгілермен жұмыс жасау жұмыстың нәтижелі орындалуына мүмкіндік береді.
Негізгі міндет оқыту мен тәрбиенің бірлікте болуы.
Тәжірибеден алсақ рөлдік ойындар арқылы балалар тілді жеңіл және жылдам меңгереді. Ойын арқылы көздеген мақсатқа жетуге болады.
Выготскийдің теориясы бойынша, адамның үйреніп жүрген тілін дамыту үшін оны сол әлеуметтік ортаға орналастыру керек. Сондықтан балалармен осындай ойын ойнауға болады.
Мысалы, мазмұнды ойындар: «Қазақ халқының ас үйі», «Аудармашы », «Спортшымен сұхбаттасу».
Мақсаты:
- Баланың ойлауын, тілін, қиялын, есте сақтауын дамыту;
- Сөздік қорын байытып, тілді тиімді әрі дұрыс пайдалануға дағдыландыру;
- Ұйымшылдыққа баулу, бір бірімен қарым – қатынастарын дұрыс бағыттау;
- Қоғамдық мінез- құлық ерекшеліктерін меңгерту, соған сәйкес қалыптастыру;
- Көңіл күйді көтеріп, топта жылы қарым қатынас орнату.
Мысалы: «Досымның дәмханасы» мазмұнды ойын.
Мақсаты:Сөздік қорын байыту . Тілді тиімді әрі дұрыс пайдалану және оны орынды қолдану.
Үйретеміз:Үлгі ретінде тілді жақсы меңгерген бала аудармашы ,бірақ сөз аз білетін бала да білген сөзін керек кезде айтып ойынға қатыса алады. Келесі ойында басқа тілді жақсы білсе, ол басты рөлде болуы мүмкін. Баланың қызығушылығы артып, тілді ойын ретінде еріксіз кабылдап отырады және не айтып істегенін түсінеді.
Рөлдерді ойнайтын бала, достар ( немесе құрбы-қыздар болуы мүмкін, және аралас қыздар, ұлдар) Арман, Мирас, Саят, Асхат, даяршылар ( балалар ойынды меңгеріп алғасын бірнеше үстел басында адамдар- қонақтар ретінде отырғызуға болады, бірнеше даяршы тапсырыс алып көп бала ойынға катыса алады).
Құралдар:үстел, орындықтар, ыдыстар;
Ас мәзірінде ұлттық тағамдар суреттер арқылы сипатталған:
- біріншіге: - кеспе, көже; борщ, щи, суп
- екіншіге – бесбармақ, қуырдақ; жаркое, блины с творогом
- сусындар: сорпа, қымыз, айран, шұбат; кисель, компот, сок
- десерт: құрт, қоспа. пирог,торт
Және бөлек асхана аспазшылары осы тағамдарды дайындап береді.
Арман: - Мынау менің Асхат деген досымның дәмханасы, кіріп тамақ ішіп алайық. (жүрек жалғап алайық. Сөз қорларын байыту мақсатында біртіндеп жаңа сөздер еңгізіп отыруға болады).
Саят:- Мен тамақ ішкім келіп тұр -Я хочу кушать.
Асхат:-Йә, мен де. - Я тоже.
Арман:- Мен де. - И я проголодался.
Арман:- Сәлем Мирас!(Досым,жолдасым) Привет! - Привет Мирас
Мирас:- Сәлем Арман! - Здравствуй!
Арман: - Танысып қойыңдар. -Знакомтесь
Балалар қол алысып танысады, әр бала өзінің есімін атайды.
Мирас:-Жоғары шығыңдар, отырыңдар. –Проходите, садитесь.
Даяршы жақындап ас мәзірін ұсынып:
- Тапсырыс бересіздер ме?
Арман достарымен оқып ақылдасады, кім не жеп -ішеді және тапсырыс береді:
Арман: - Маған кеспе, бесбармақ және қымыз. - Мне борщ, кисель, два
кусочка хлеба.
Саят: - Маған қуырдақ пен сорпа. - Мне жаркое, кампот,
бутерброд.
Асхат: Маған көже, екі шәй, десертке қоспа - Мне блины с творогом, кашу
гречневую и чай
Даяршы суретке белгі қойып (есте сақтау қабілеттері дамиды: көріп және естіп тұрады тапсырысты белгілейді ) асханаға барып тапсырысты береді. Аспазшылардың рөлдерін бөліп қоюға болады: Біріншіге арналған тағамдарды бір аспазшы, екіншіге арналғанын екінші аспазшы және сусындарды басқа біреу құйып тұрады, сонда бірнеше үстелден тапсырыс болғанда балалар- даяршылар шатасып, шулап кетпейді және бір-біріне бөгет болмайды.
Даяршы тапсырысты апарады:
- Астарыңыз дәмді болсын! (Тәбеттеріңіз ашылсын) - Приятного аппетита!
Достар: -Рахмет! - Спасибо. Досвидания
Достар болғасын есеп сұрайды. .
Бала ойынның мағынасын, шартын өз тілінде меңгеріп алғасын үлгі ретінде қолданып орыс тілінде, ағылшын тілінде өткізе беруге болады. «Орыс халқының дәмханасы», «Ағылшын халқының дәмханасы»
Мысалы, «Ағылшын халқының дәмханасы»:
Мирас: - Hello! What is your name?
Саят:— My name is Саят.
Асхат:— My name is Асхат.
Саят:- I am hungry
Асхат:- I am very hungry.
Мирас:- I want to eat
Даярші: — Hello! Do you want to eat? Тыхочешьесть?
Саят:- I want to eat a Sandwich (Give me the Omelette,please)
Асхат:- I want to eat a Pizza (Give me the Pizza,please)
Мирас:- I want to eat a Roll (Give me theRoll, please)
Даярші: Please .Bon Appetit
Балалар: Thank you . Bye.
Диалог құрастыру: «Спортшымен сұхбаттасу»
Тәрбиеші ойынды түсіндіреді : Жарыстың басында, аяғында тілшілер спортшылармен сұхбаттасады.
Мысалы:
Тілші: — Hello!
Спортшы:— Hello!
Тілші: — What is your name?
Спортшы: — My name is Nick.
Тілші: — Can you play basketball?(play tennis.)
Спортшы: — Yes, I can play basketball.
Тілші: — Can you play tennis?
Спортшы: — Yes, I can play tennis .
Тілші : — Can you play football?
Спортшы: — Yes, I can play football.
Тілші: — Fine. Thank you. Bye.
Спортшы: — Bye.
Үшінші ойын: «Аудармашы » мазмұнды ойын .
Тәрбиеші:- Балалар біздің қалаға көрші Ресейден қонақтар келді. Оларға қазақ тілінде біздің қала туралы кім айтып береді? Бірақ қонақтарымыз түсінбеуі мүмкін,ендеше кім аудармашы болады?
Рөлдер:гид, аудармашы, қонақтар.
Құралдар:Суреттер – Павлодар қаласы, Ертіс өзені, Мектеп, Балабақша, Университет
Гид: - Салеметсіздер ме! Қазақстанға, Павлодар қаласына қош келдініздер!
Аудармашы:- Здравствуйте! Добро пожаловать в Казахстан город Павлодар!
Гид: - Біздің қаламыз үлкен және әдемі.
Аудармашы: - Наш город большой и красивый.
Гид: - Биік және әдемі ғимараттар бар.
Аудармашы: - Есть много больших и красивых здании.
Гид: - Қала Ертіс өзенінің маңында орналасқан .
Аудармашы: - Город расположен у реки Иртыш.
Гид: - Әр ұлт өкілдері тату-тәтті тұрады.
Аудармашы: - Люди разных национальностей живут дружно и счастливо.
Гид: - Қаламызда балабақшалар ( мектептер, Университеттер, Саябақтар ) бар.
Аудармашы: - В нашем городе много детских садов.
Гид: - Біз әрдайым келген қонақтарды қуана қарсы аламыз. Күтеміз, келіп тұрыңыздар.
Аудармашы: - Мы всегда рады гостям. Приезжайте будем ждать.
Гид: - Сау болыңыздар!
Аудармашы: - Досвидания!
Үлкендер балаға үлгі болу керек, өйткені бала бізге қарап бой түзейді. Баладан талап еткенді өзі де орындап өзімен жұмыс жасауы керек. Сонда ғана көздеген мақсатымызға жете аламыз.
Назарларыңызға рахмет!
