Ата-аналардың назарына!
Ақпараттық портал мектеп жасына дейінгі балалры бар ата-аналар аудиториясына бағдарланған анықтамалық және коммуникациялық Интернет - ресурс ретінде әзірленді. Порталдың құрамында: «Басты бет», «Мамандар», «Медиа-форум», «Жазылу-жіберу», «Жеке кабинет», «Құқықтық база», «Форум», «Балаларға арналады» атты сегіз айдар бар.
Осы айдарларда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы өзекті ақпаратпен таныса аласыз, өз балаларын дамыту мен тәрбиелеуде қызығушылық тудырған сұрақтар бойынша тәжірибе, пікір алмаса аласыз. Сондай-ақ, «жеке кабинет» ашып, өз материалдарын орналастыра аласыз.
Тіркелуге және «жеке кабинет» ашуға амалдардың реті қарапайым:
1. «Отбасы.kz» сайтына кіру (назар аударыңыз – Отбасы – кирилицамен жазылады).
2. «Жеке кабинет» айдарын ашу
3. Логин, Құпиясөз, Т.А.Ә., Е-маил, телефон толтыру
4. Мекен-жайы, баланың жасы, тіл
5. Тіркелу
Интернет – ресурсты пайдалану әсерлі көмегін тигізеді деп үміттенеміз.
