Павлодар облысының білім беру басқармасы
|
Хабарландыру!
|
2017 жылғы 21 ақпанда
«Логопедиялық қонақ бөлмесі» акциясы өткізіледі
3 пен 5 жас аралығындағы сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың ата-аналарын логопед, невропатолог, психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру және психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті мамандарының тегін кеңесін алуға шақырамыз.
Акция сөйлеу дамуы тежелген балаларға ерте түзету көмегін көрсету мақсатында өткізіледі.
Ата-аналарға мамандардың ұсыныстары және әрі қарай әрекет ету алгоритмі ұсынылады.
Өткізу орны:«Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған № 1 арнайы жалпы білім беретін мектеп-интернат» ММ (мәжіліс залы)
Мекен-жайы:Павлодар қаласы, Катаев көшесі, 83
Уақыты: сағат10.00-ден 13.00-ге дейін
Ескерту. Түзету қолдауымен қамтылмаған балалар шақырылады.
