Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
(87182)676300
Адрес: г. Павлодар, ул. Академика Сатпаева, 241
(87182)676298
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда с 9.00 - 18.00 ч
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Жүгіріп ойнау, қимылды ойындар

ҚИМЫЛДЫ ОЙЫНДАР

Жүгіріп ойнау.«Жаяу көкпар». Бақылаушы таңдалады, ол ойын ережесінің дұрыс жүрілуін бақылайды және ойын барысында тәртіп бұзбауын қадағалайды; ол ойыншыларды бір сапқа тұрғызады, сыйлықтан 30 қадам жерде финиш анықталады. Саптағы әр ойыншының міндеті  қалған ойыншыларды жығып, сыйлыққа дейін жүгіріп жетіп, оны ұстап алып, онымен бірге финишке жету керек.

«Қарлығаш». Бұлойынды өткізу үшін міндетті түрде дөңгелек қажет. Одан кейін «қарлығашты» және «күзетшіні» таңдайды, қарлығаш дөңгелек ортасында отырады, ал күзетші басқа ойыншылардың шабуылынан қорғап жүреді. «Күзетші» шабуылдың біреуін ұстап алуға тырысады. Егер ол тырысып, ойыншының біреуін ұстап алса, ол «күзетші» атанады.

«Бүркіт».Балалар «Бүркітті» таңдайды. Қалған ойыншылар -  «қосаяқтар», «тышқандар», «құстар» болады. Тәрбиешінің берілген дабылы бойынша «бүркіт» ұясында отырады, ал қалғандары секіріп, жүгіріп, ұшып жүреді. Дабыл бойынша - бәрі тұрған жерінде қатып қалады, ал «бүркіт»  ұшып шығып, қозғалып қалған ойыншыны тауып алады да, ол ойыншы «бүркіт» атанады. 

«Ат шабыс». Ойыншыларда сандық реті тағылған, олар салт атты бейнесін бейнелейді. Салт аттылар белгілі ара  қашықтықта жарысады. Олардың шабысын тәрбиеші бақылап отырады. Кім де кім қалып қойса не итерсе, ол ойыннан шығады. Алда болып, жақсы жарысқан ойыншы жеңімпаз атанады. 

«Автомобильдер».Қатысушылардың қолдарында әр түрлі түсті рөлдер бар. Тәрбиешінің берілген дабылы бойынша әр түрлі түсті таяқшалармен балалар өзін жүргізуші ретінде санап, өз дабылы бойынша қимылдайды.

«Торғайлар мен мысық». Бірінші «мысықты» таңдайды,  қалған қатысушылар «құстар» болып зал ішінде жүгіріп  жүреді. Дабыл бойынша «мысық» жүгірі шығады да, оларды ұстай бастайды. Ұсталған «құс» енді «мысық» болады. 

«Киіз үй».Төрт орындықты қояды. Әрбір орындықтың үстінде орамал жатады. Балалар орындықты айнала жүгіріп, тәрбиешінің дабылы бойынша «киіз үй»  құрады: орамалдың бұрышынан ұстап жоғары көтереді. 

«Қыз қуу». Ойынға қыз бен жігіт қатысады. Екеуі де атпен шауып келеді. Жігіт атпен қыздың артынан қуады. Егер қызға жете алмаса,  онда қыз жігітті айыптап, қамшымен қуады.

«Сақина». Дөңгелек ортасында тұрған жүргізуші, алақанының арасына сақинаны салып, қалған ойыншылардың алақандарына салған болып шығады. Ойыншылардың біреуінің алақанына сақинаны салып: «Менің сақинам қайда?» - деп дауыстап сұрайды. Сұрақты естіген соң, сақинаны алған бала ортадан жүгіріп шығуы қажет. Ойын шарты бойынша көршісінің мсіндеті сақинасы бар баланы ұстап жібермеуі керек.

«Көкпар».  Бұл ойын «ат шабыс» ойыны тәрізді тек аттың үстінде отырған болып есестету арқылы ойналады.

«Көрінбейтін тақия». Ойыншылар айнала шеңбер болып тұрады. Жүргізуші барлық ойыншыларды айналып өтіп, білдіртпей бір ойыншының артына тақияны тастап кетеді. Егер ойыншы бірден оны байқамаса, онда ол жүргізуші болады. Тақияны тапқан ойыншы жүргізушіні қуып жетіп, оған тақияны кигізу керек.

 

Секіру ойындары. «Қоян мен қасқыр». «Қасқырды» таңдалады. Қалған қатысушылар  - «қояндар» болады. Тәрбиешінің дабылы бойынша «қояндар» секіреді, екінші дабыл кезінде қозғалмай, қатып қалады да, ағаш қалпын бейнелейді. Осы кезде «қасқыр» айналып жүріп, қозғалып тұрған адамды іздейді. Ұсталынған адам «қасқыр» болады. 

«Байланған орамал».Орамалды допқа ұқсатып орап байлайды. Бір ойыншы ортада тұрады, ал қалғандары оны қоршап айналып тұрады. Дабыл бергеннен кейін қатысушылар жан - жаққа жүгіріп, ортадағы ойыншыға ұстатпай, бір - біріне орамалды лақтырады. Ортадағы ойыншы «допты» қағып алуы керек. Орамалдан айырылып қалған ойыншы ортадағымен орын ауыстырады.

«Қораздар шайқасы». Бұл ойын үшін алдын - ала мүмкіндігінше үлкен етіп, дөңгелек сызу керек. Қарсыластар бір аяқтап жүріп, дөңгелек ішінен бір - бірін итеріп шығаруы керек. Екінші аяғы жерге тисе, ол ойыншы ұтылған болады.

«Тиынды көтер».Алаңның қарама - қарсы  жағына бастау сәті және финишті белгілейді. Тиындарды жайып қояды. Дабыл бойыншга жігіттер финишке қарай шабады. Шабыс кезінде тоқтамай, еңкейіп тиынды алады. Тиынды ең көп жинаған ойыншы ұтады.

«Қалпақты атып түсір».Ойынға қағаздан бүктелген бөрік те жарайды. Бас киімді 20 қадамдай жерге биіктігі 1 метрдей қазыққа іліп қояды. Ойыншы қолына  белбеу алып,  секірумен қазыққа дейін барып, белбеумен бас киімді қағып түсіреді.

«Ұя».Балалар өз - өздерін «құспын» деп елестетіп зал ішінде «ұшып», «секіріп» жүреді. Тәрбиешінің дабылы бойынша барлық  ойыншылар залда жатқан сақинаға келіп «ұяларына» ұшып келіп қонады.

«Қоян мен ит».Ойыншылар «итті» таңдайды, қалған ойыншылар «қоян» болады. Бір – бірінен ара қашықтығы 3 метр екі шеңбер орналастырылады. «Иттің» міндеті -  бір шеңберден екінші шеңберге секіріп жүрген «қоянды» ұстап алуы қажет. Ұстап алынған «қоян» ит болады.

 «Қақпан».Ойыншылар екі командаға бөлінеді. Бірінші команда -  «орман аңдары» болады, екінші команданың ойыншылары шеңберге айнала тұрып, бір - бірінің қолдарынан ұстап жоғары көтереді. «Аңдар» шуы балалар арасымен өтіп шығады. Шу басылған уақытта балалар қолдарын түсіріп, отыра қалады. Ұсталынған «аңдар» шеңбер болып тұрады.

«Шабыс».Балалар жүргізушіні таңдайды, айналып дөңгелене тұрады. Алақандарын шапалақтап, жай шоқырақпен дөңгелене, салт атты бейнесін сала отырып шабады.  Жеңімпаз атануы үшін жүргізушінің шеңбердің ортасына тастаған орамалын жүгіріп келе жатып қағып алуы керек.

«Балықшылар».Үш  «балықшыны» таңдайды, қолдарына сақина беріледі. Қалған балалар  - «балықтар» болады, олар жүзіп жүреді. «Балықшылар» былай дейді:

Суда балықтар жүзіп жүр,

Балықтар асыр салып ойнап жүр,

Балақтар, балықтар – тентектер

Біз сендерді ұстап аламыз балықтар.

Сақинаға бірнеше «балықтар» ұстап алуға тырысады, өздері сосын «балықшылар» атанады.

«Түйе мен ботақан» Балалар айнала шеңбер бойына тұрады. «Түйе мен ботақан» - батыры таңдалады. «Түйе» дөңгелекті айналып жүріп, «ботасын» үйге шақырады, бота одан қашып, секіріп жүреді. Балалар түйені дөңгелек ішіне кіргізбеуге тырысады, ботаны қорғайды. Түйе ботасын ұстағаннан кейін, балалар олардың үстінен бір - бірлеп секіреді, ұсталынған балалар батыр атанады.

Тастау, лақтыру және қағып алу ойындары.«Адасқан доп». Балалар дөңгелене шеңберге тұрады, бір - біріне допты бере бастайды. Жүргізуші дөңгелек сыртында допқа қолын тигізуге тырысады. Егер ол қолын допқа тигізсе, ол допты ұстаған баланың орнына тұрады.  .

«Алшы» .Ең үлкен асықты қызыл түске бояйды, ол асық «Хан» деп аталады. Жүргізуші асықтарды уысына алып, қалған ойыншылардың алдына шашып тастайды. Одан кейін «хан» қай жағымен түскенін қараймыз. Сұқ саусақпен бас бармақтың көмегімен жақын жатқан асықтарды атамыз.

«Допқа тигіз». Балалар екі топқа бөлінеді. Бірінші команда сызық бойына сапқа тұрады, бір - біріне арқасымен екі қадам ара қашықтықта тұрады. Екінші команда да осылай, біріншіге параллель орналасады. Ойынға ойыншылар санына қарай доп қажет. Бір команда ойыншыларының міндеті - допты кезектесіп жоғары, кішкене ілгері қарай лақтыру. Екінші командада кезектесіп өз доптарымен белгіленген «мақсатқа» тигізу керек. Сосын керісінше жасалады.

«Орамал». Залдың ортасына орамал ілінеді. Қатарласып ойыншылар тұрады. Қолдарында шағын доп ұстайды. Ойыншылардың міндеті -  орамалды доппен қағу.

«Шұңқыр және доп».Ойыншылар кең  түрде дөңгеленіп тұрады. Әр ойыншы өз алдынан шағын шұңқыр қазады,  қолдарында таяқшалары бар. Ортадан үлкен шұңқыр қазылады. Жүргізуші допты ойыншылардың арасымен өткізуге тырысады, үлкен шұңқырға түсіруі қажет. Басқа ойыншылар жүргізушіге жол бермей, өз шұңқырларын қорғайды. Шұңқырсыз қалған ойыншы жүргізушіні алмастырады.

«Аңшылар».Ойынға 4 - 6 бірдей доптар қажет. Балалар екі топқа бөлінеді. Біреуі «аңшылар», ал екіншісі «қасқырлар» болады. Біреуі диаметрі 4 метрдей дөңгелектің сыртында, екіншісі ішінде болады. Аңшылар доппен атқылап, дөңгелек ішіндегі қасқырға тигізуі қажет, олар орнында тұрып, бұғады, иіледі, айналады немесе допты қағып алады. Әрбір тиген доп үшін аңшылар 1 ұпай алады, ал егер қасқырлар допты қағып алса, ұпай жойылады.

«Арқа».Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Бірінші топтың мүшелері теріс қарап тұрып, аяқтарының арасымен допты екінші командаға бағыттайды. Одан кейін екінші команда қайталайды.

«Ұшты-ұшты».Жүргізуші түрлі құстардың атын атап, «ұшты-ұшты» деп қолдарын сермейді, барлық ойыншылар қайталап, қимылдар жасайды. Бір сәт жүргізуші: мысалы «сиыр» дейді; егер ойыншылардың біреуі қолын былғап қалса, ол қандай да болсын бір тапсырманы орындайды.

 «Доп соғу».Барлық ойыншыларда бір - бір доп. Екі қолмен тұрған жерінде допты кезектестіріп ұрғылайды. Ең көп допты ұрғылаған ойыншы ұтады.

Кеңістікті бағдарлау ойындары.«Есімін тап». Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Біріншісі бөлмеде қалып, екіншісі шығады. Одан кейін ойыншы шыққан ойыншылардың есімдерінің ішінен бір есімді таңдайды. Шыққан команданың ойыншыларын бір - бірден ішке шақырады. Келген ойыншы өзін таңдаған ойыншыны сезіп, табуы керек.

«Инені тап».Ойыншының біреуі сыртқа шығады. Қалған ойыншылар инені тығады. Шыққан ойыншы ішке кіріп, ойыншыларды аралап, инені табуы керек.

«Кім күшті?». Екі ойыншы бір - біріне арқасымен тұрады, тұйық жіппен байланған жіптің түйіншегі екі ойыншының  ортасында орналасады. Екеуі бір уақытта өз жағына қарай бір - бірін тартады.

«Өз орныңды тап».Бұл ойынның тағы бір аты - «Үшіншісі артық» деп те аталады. Ойыншылар жұптасып, екеуден бір - біріне арқасымен дөңгелек  құрып тұрады. Ойынды бастаушы және жұбы жоқ ойыншы бастайды. «Артық» ойыншы қашып, бастаушы оны қуады. Міндеті - қашушы кез - келген жұптың алдына барып тұра қалады. Осы жұптағы үшінші ойыншы «артық» болады.

«Кім кетті?».Жүргізушіні таңдап қалғандары дөңгелене тұрады. Жүргізуші мына командаларды орындайды: жүру, секіру, жүгіру сияқты, ал басқалары қайталайды. Одан кейін екі ойыншыға барып, оларға дөңгелекті айналып шығып, жүргізушінің орнына баруды тапсырады.

«Жұбыңды тап»Балалар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ әр түрлі атрибудтарды бастарына киеді, екінші топ олардың балаларының атрибудтарын киеді. Бір - біріне арқаларымен тұрып, шынтақтарымен айқасып тұрады. Бұйрық бойынша бір - бірін жоғары, еденнен аяқтарын көтереді. Өз қарсыластарын көтерген топ жеңеді.

Эстафеталық ойындар.«Айқасу». Ойыншылар екі командаға бөлінеді. Орталық алаңға бірінші жұп шығады: әрбір командадан бір - бір адам шығады. Бір - біріне арқасымен тұрып, шынтақтарын айқастырады. Команда бойынша бір - бірін көтереді, аяқтары еденнен көтерілуі керек. Қарсыласын көбірек көтерген  команда жеңімпаз атанады.

«Арқан тарту».Ойыншылар екі командаға 5 - 6 адамнан бөлінеді. Ортасында орамал байланған арқан алынады. Ойын міндеті -  арқанды өз жағына тартып жеңу.

«Жасақ».Ойыншылар екі командаға бөлінеді. Әрбір команда келесі тапсырманы орындайды: «миналы алаңнан» қойылған кедергілерден өту, «батпақтан» төсеніш іздерден өту, «гранаталар» лақтыру - кішкентай дорбаларды лақтыру.

«Жігіттер».Тәрбиеші: Құрметті жігіттер,

                                         Біз сіздерді қызықты,

                                         Әдемі ойынға шақырамыз.

Отырғандардың ішінен бір жігіт таңдап алынады. Ал қалған балалар аттың жүрісін салады. Сөйтіп, екінші ойыншы мен жігітті ауыстырады.

Мен атқа отырғызыңдар!

Киізде үй маған тар енді,

Жарқыраған жол үстінде,

Әшекейлері кілемше тәрізді әдемі,

Ат үстінде отырып алға қарай шабамын.

Қалған балалар ат үйірін бейнелейді. Ойын жігітті алмастырумен жалғаса береді.

 «Тапқыр».Тегіс жерге дөңгелек сызып, радиусына тең жіп алынады. Жүргізуші дөңгелек ортасында тұрып, тізе тұсында жіпті жай, біресе тез айналдырып, ойыншыларды ілуге тырысады. Қалған ойыншылар жіпке ұрынбай аттап не секіріп кетуі керек.

Жолдағы кедергілер.«Көңілді жарыстар». Ойыншылар екі командаға бөлінеді. Біріншісі бас  жақта қатарласып тұрады. Дабыл бойынша жолдағы кедергілерден өтіп, финишке жетуі керек: тізелей отырып кедергілер арасынан өту, аяқ арасына допты қысып өту, гимнастикалық орындықтан өрмелеп өту. Екінші команда да осыларды орындайды.

«Поезд».Балалар бір - бірінен ұстап әр түрлі төсеніштермен, текшелердің арасынан өтеді.

«Татулы  жарыстар». Тапсырманы жұптасып орындайды: бір бала қолымен еденге тіреледі, екінші бала оның аяғыннан ұстап белгілі ара қашықтыққа жүреді; араларына кеуде тұсына шар қысып жүру; екі ойыншы дөңгелек ішінде финалға дейін жүгіреді.

«Алғырлар». Залда кедергілер қойылған:секірмелі-доптар, қанаттар, шағын доптар, секіргіштер, аттар. Тәрбиешінің дабылы бойынша балалар түрлі жаттығулар жасап, дабыл бойынша орын ауыстырады.