Үрейлілікті алдын-алу
Үрейліліктің алдын –алу жөніндегі ата-аналарға арналған ұсыныстар
1. Баламен қарым-қатынас жасай отырып, ол үшін маңызды басқа адамдардың беделін түсірмеңіз.
2. Өз әрекетіңізде дәйекті болыңыз, балаңызға бұрын рұқсат еткен нәрсені ешқашан тиып тастамаңыз.
3. Балалардың мүмкіндіктерін ескеріңіз, олар орындай алмайтын нәрсені талап етпеңіз. Жетістіктерін бағалап, мақтап отырыңыз.
4. Балаңызға сеніңіз, онымен әр уақытта адал болыңыз және ол қандай болса, сондай күйінде қабылдаңыз.
5. Балаңыздың жанына жағымды үйірме таңдаңыз, мұнда ол қысымшылдық көргендей болып сезінбейтін болсын. Және үйірме оған көп қуаныш сыйласын.
