Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)64-27-51 87051403594
email: sad8@goo.edu.kz
Мекенжайы: Айманов көш. 22
87182-64-27-51 87182-64-27-52
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
Отбасы демалысын ұйымдастыруда есіңізде жүрсін. Баланы жаз кезінде шынықтыруды ұмытпағайсыз !

Балаңыздың денінің саулығы өз қолыңызда. Жаз мезгілі бала денсаулығын шынықтыруға ең қолайлы кез. Үй жағдайында баланы шынықтырудың бірнеше жолдары бар.

 Күн қуатымен шынығу- баланың бойының өсуін және сауығуының ең тиімді тәсілі. Рахит ауруымен күресте кеңінен қолданылып жүрген шынығу тәсілі болып табылады. Көру мүшесі арқылы ағзаға өту арқылы күннің көзі нерв жүйесін оятады. Ал, нерв жүйесі өз кезегінде ағзаның  барлық жүйесінің жағдайын реттеп, сергектігін қамтамасыз етеді; биоритмді реттейді, зат алмасу процесін белсендіреді. Жоғары биологиялық белсенділікке ие ультракүлгін сәулесі тері арқылы өтіп, адам ағзасын қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұру күшін күшейтеді.Иммунитетті күшейтеді, қоршаған ортадан адам ағзасына түсетін бактериалардан қорғаныш күшін күшейтеді, ауыруға шалдығу қаупін төмендетеді. 

Ауамен шынығу -  балаларға да, ересектерге де пайдалы ауа ваннасынан бастаған дұрыс. Ауамен шыныққан баланың ағзасы салқын ауаның ұзақ әсеріне беріктігін жоғарлатады.

Су бүркемесі – өзіне температуралық және механикалық әсерді біріктіретін шынықтырғыш ем-шара. Су бүркемесі ағзаны жақсы сергітеді, сондықтан да оны таңертеңгі және кешкі уақытта, сонымен қатар дене жаттығуларынан кейін жүргізген дұрыс

Баланы шынықтырар болсаңыз:


- Шынықтыру шаралары балалардың көңілді күлкісін шақырса және оған жағымды эмоция сыйлай алса оның тигізетін әсері өте тиімді болады

- Еліктеуге үлгі болыңыз. 
- Үйде баланы шынықтыруды тек балаңыздың дені сау болған жағдайда ғана бастаңыз.
- Сауықтыру-шынықтыру шараларының ұзақтығын біртіндеп көбейтіңіз.
- Баланың денесінің тоңып қалмауын қадағалаңыз.
- Сауықтыру-шынықтыру шаралары жүйелі жүргізілінуі қажет.

Балалардың табиғат аясындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету

      Жадырап жаз келді, сіз де отбасыңызды алып табиғат аясында демалуды ұйғардыңыз. Күн, таза ауа және су- әрине, тамаша. Бірақ та, балаларды өздеріңізбен бірге табиғат аясына ( санаторийлар, сауықтыру кешендеріне, т.б. шөптесін, орманды жерлерге) алып шығар болсаңыз, олардың қауіпсіздігін бірінші орында ойластыруыңыз керек.

Баламен орманды, таулы жерге шығарда өзіңізбен бірге міндетті түрде ішінде термометр, спирт ерітіндісі, ыстық түсіретін, зарарсыздандыратын құралдары бар дәрі қобдишасын алыңыз. Сонымен қатар ол қобдишада  күйікке қарсы, жәндіктердің шағуына қарсы крем немесе спрейлердің болғаны дұрыс. Балаңыздың қандай да бір денсаулығындағы ерекшеліктерін де ескеріп дәрілер алу қажет.

Шөптесін жерде ең басты қауіп  кене болып табылады.

-Мұндай жерге шыққанда баланың басына бас киім, балағы бүрмелі және жеңі ұзын бүрмелі жейде кигізу керек. Серуендеп келген соң баланың шашының арасын, әсірес, терісін мұқият тексеріп қараңыз.Теріге еніп кеткен кене кішкентай  төмпешікке ұқсайды. Егер осылай тері астына еніп кеткен кенені бала денесінен тауып алған болсаңыз оны тез арада суырып алуға асықпаңыз. Сіз кенені жаншып тастайсыз немесе оның барлық бөлігін шығара алмай қаласыз. Кенені өздігінен сыртқа шығаруға мәжбүрлеу үшін теріге қалыңдап май жағып қоюға немесе бір тамшы өсімдік майын тамызсаңыз болады.

Егер балаңызды кене шағып алған болса, онда баланы дереу жақын жердегі дәрігер бөлімшесіне жеткізіңіз. Егер де кенені өздігіңізден шығарып алсаңыз, немесе қандай да бөлігін алып шыққан болсаңыз, оны ары қарай энцефалитке немесе Лайм ауруына зерттеу жүргізу үшін сақтап қойыңыз.Бұл маңызды!

-Егер баланы ара немесе сона шағып алса, оның тұмсығын суырып алу қажет.Содан кейін барып шағып алған жерді спиртпен немесе арақпен сүртіп, үстін ас содасы ерітіндісіне немесе салқын суға малынып алынған таза сүлгімен басып жауып қою керек. Ал, балада шағып алу мөлшері тым көп болған жағдайда , немесе шағып алған жер қызарып, ісіп кететін болса, жақын жердегі дәрігер бөлімшесіне жеткізіңіз.

-Маса шағу- жазғы серуеннің міндетті бөлігі, әсіресе, жақын жерде су қоймасы болған жағдайда. Масаның шағуынан кейінгі денедегі жайсыз қышуды арнайы сықпалармен басуға болады. Қолда болмаған жағдайда ас содасын көп мөлшерде суға ерітіп жаққан дұрыс.

Баламен серуенге шығар болсаңыз:

Серуенге өзіңізбен бірге минералды су, ішуге жарамды сусынды немесе қайнатылып салқындатылған (мұздай емес) суды, аз мөлшерде жұтып ішуге арналған ыдыста алып жүріңіз.

Ыстық күнде балаға тек табиғи матадан тігілген киімдер кигізіңіз. Ауаны нашар өткізетін синтетикалық киімнен бас тартқан жөн. Жақсы қорғаныш ретінде мақтадан, кендір матадан киімдер киген дұрыс. Сонымен қатар, жаз кезінде ақшыл бір түсті матаға қарағанда түрлі-түсті( қызыл, жасыл, сары, көк, тоқсары, т.б.) маталарға таңдау жасау қажет.  Ақшыл түсті киім (әсіресе ақ түсті) күннің көзін көп мөлшерде өткізеді.

Күн – жылы, көтеріңкі көңіл-күй, денсаулық. Дегенмен, күн көзінің артық түсуі кері әсерін тигізуі мүмкін:

күнге күю, жүрек-қан тамырларының қызметінің бұзылуы, тыныс алудың нашарлауы, әлсіздік сезіну, ашушаңдық сезімі, күн өту салдарынан бас айналу.

КҮН КӨЗІНЕН САҚТАНУ ҮШІН БАЛАНЫҢ БАСЫНА БАС КИІМ: ҚАЛПАҚ, КҮНҚАҒАРЛАР КИГІЗУ ҚАЖЕТ ЕКЕНІН ЕСТЕН ШЫҒАРМАҢЫЗ!

Жазда балаға қандай сусын бересіз ?

Жаз кезінде баланың күн бойғы әрекетін ұйымдастырғанда оның су ішу режимін де назардан тыс қалдырмау қажет. Күннің ыстық кездерінде адам ағзасы сұйықтықты өте көп мөлшерде қажет етеді. Сондықтан да үнемі таза,қайнаған су қорының болғаны дұрыс, ең дұрысы- итмұрын тұнбасы, нәрсу (аса тәтті емес) немесе шырын. Егер осылардың бірі қолыңызда болса, онда баланың краннан ағып тұрған қайнатылмаған суды ішуге қажеттілігі болмайды. Әсіресе, қала сыртына немесе саябақтарға, сапарға шыққан жағдайларда баланың ас-ішек жолдарының қызметінің бұзылуының алдын алудың бірден-бір жолы.

Құрметті ата-аналар, естеріңізде болсын:

Сәбіз шырыны- ағзадағы зат алмасу қызметін реттейді, қан айналу қызметін жақсартып, оған оттегін жеткізуге жағдай туғызады.Баланың ақыл-ойының дамуын және денесінің дамуына қолайлы әсер туғызады.

Қызылша шырыны – күйзелістен пайда болған бұлшық ет нервасының қызметін қалпына келтіреді, қан тамырларын кеңейтеді.

Томат шырыны – асқазан-ішек жолдарының жұмысын реттейді, жүректің қызметін жақсартады, құрамында С дәрумені өте көп.

Бананшырыны – С дәруменіне бай.

Алма шырыны – жүрек- қан тамыры жүйесін жақсартады,зат алмасу процессін реттейді.

Жүзім шырыны – ағзаны сергітеді, бактерицидтік, зәр айдағыштық, ішті жұмсартқыштық қасиеттеріне ие, артериалдық қан қысымын төмендетуге әсерін тигізеді.