Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)64-27-51 87051403594
email: sad8@goo.edu.kz
Мекенжайы: Айманов көш. 22
87182-64-27-51 87182-64-27-52
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
Балабақшада таңертеңгі жаттығу.

Балабақшада таңертеңгі жаттығу.

 
Балабақшада таңертеңгілік жаттығудың маңызы өте зор және күн тәртібінің маңызды бөлігі болып табылады.Осы маңызды себептермен   мектепке дейінгі мекемелерде   таңертеңгілік жаттығудың өткізілуі маңызды.  Таңертеңгілік жаттығулар арнайы бір уақытта таңғы асқа дейін жүргізіледі,  жаттығуға қатысу үшін, балаларыңызды балабақшаға кешіктірмей алып келуіңіз абзал.    
 
Таңертеңгілік жаттығуды балабақшаның тәрбиешісі немесе дене шынықтыру  мұғалімі жүргізеді.       Таңертеңгілік  жаттығулар  өткізілетін  бөлмелерді балалар келер алдын,  алдын ала  бінеше минут бұрын желдетіп алуыңыз абзал.       Жаттығу кешендерін таңдап алу кезінде,   көп балалы топтарының қызуғушылығы туралы ұмытпаңыз.  Күнделікті 2 апта  бойы бір жаттығуды орындағаннан  балалардың жаттығуға деген  қызуғышылығын төмендетуі мүмкін.   Таңдалған жаттығу кешендерін жаңа жаттығулармен  алмастырып отыру  керек.   Жаттығуларды қысқа және түсінікті етіп түсіндіріңіз.    Жаттығуларды көрсету және оны түсіндіруді  алдын ала ойластыру керек.  Балалрды мектепке дайындығын арттыру үшін,     даярлық топқа баратын балалар болса, онда оларға түсіндіру бойынша  тапсырмаларды беру керек.    Жаттығулар балалармен   дұрыс орындалуын қадағалаңыздар.      
            Балабақшада таңертеңгілік жаттығулар балалардың сапқа тұруымен басталады.   Бұл сапқа тұрғызу  тез өтеді,  балаларды  топтың ауданына бірдей  орналастыру үшін маңызы өте зор.     Содан балалардың зейінін аударып,  журуден  және жеңіл жүгіруден бастауыңызға болады. Бұл уақытта   реакциалық жаттығуларды өткізудің маңызы зор; мысалыға тәрбиешінің  шапалағына, балалар жүруді тоқтатпай  қол шапалағымен жауап береді.  Балабақшаларға  таңертеңгілік жаттығуларды  таңдаған уақытта  барлық бұлшықет топтарын шынықтыратын; иық буыны, аяқ,  табан, кеуденің  көлденең орналасқан және  арқа  бұлшық еттеріне,  іш  бұлшық еттерін шынықтыратын   жаттығуларға   назар аудару керек.     Әрине, жаттығудың  түрлілігі    бөлменің ауданына  тәуелді.  Егер бөлменің ауданы үлкен болса, онда жүгіру және секіру жаттығуларын қосуға болады.
            Даярлық топтың таңертеңгілік жаттығуының ұзақтығы  10-12 минут жүргізіледі.