Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)64-27-51 87051403594
email: sad8@goo.edu.kz
Мекенжайы: Айманов көш. 22
87182-64-27-51 87182-64-27-52
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
Пияздың пайдасы

Пияздың пайдасы
 
Көзден жас ағызатын пияздың тағам дәмін кіргізумен қатар емдік қасиеті де бар екенін көпшілік біле бермейді. Пияздың шыққан жері – Қиыр Шығыс. Бірте-бірте Мысыр, Греция елдеріне жетіп, басқа елдерге тарай бастаған. Қай жерде болмасын, кез келген заманда пиязды ғажайып пайдалы өсімдік ретінде қабылдаған.
Ертеде римдіктер мен гректер пиязды жауынгерлерге күш және батылдық беретін әрі жарақатты жазатын шипалы, қасиеті күшті өсімдік деп есептеген. Олар пияздың бір түріне жеңімпаз деп ат берген. Қиыр Шығыс пен Сібір елдерін аралаған жиһанкездер пиязбен қырқұлақ (цинга) ауруын емдеген.
Пияз құрамында түрлі дәруменге бай минералды тұз, органикалық қышқыл, зиянды микробтарға қарсы төтеп беретін көзді ашытатын ұшпалы фитонцид деген зат бар. Ол ауадағы ауру тарататын микроб-бактерияларды жояды. Пияздың сөлі емге пайдалы. Мәселен, пиязды спиртке қосып жасаған аллачеп деген дәрі асқазан, ішек науқасына, сондай-ақ атеросклерозға да ем.
Пияздың қанның құрамындағы қантты азайтатын қасиеті де бар. Қант диабетімен ауыратындарға пияздан әзірленген сорпалы тамақ пайдалы. Бүйрегінде тасы бар сырқаттарға пияздың 1 ас қасық сөлін күніне екі-үш рет ішкен пайдалы.
 
Бәзбіреулер мұрнынан су ағып, тамағы қызарып ауырған кезде пияз сөлін тамызады. Бұл дұрыс емес. Себебі, қызарып, бөртіп тұрған сілекей қабығын пияз сөлі одан әрі асқындырып жібереді. Оның орнына пияз сөлін шәйнектегі ыстық суға қосып, булап емдеген пайдалы. Пияздың емдік қасиеті 15-20 минут сақталаиындықтан тезірек пайдаланған абзал.
Езілген пиязды сүтке қосып, дәкеге орап, аяқтың мүйізденіп кеткен жеріне басса, қатқан тері, нәрленіп, жұмсарады. Іріңдеген жараға, үсіген жерге басуға да болады.
Пияздың шаштың түсуін тоқтататын да қасиеті бар. Пияз сөлін мақтаға тигізіп, бастың құйқасына жағу керек. Сондай-ақ, пияды үккіштен өткізіп, оны басқа жағып, сыртынан таңып қою керек. 1,5-2 сағаттан соң, жылы сумен шайып жібереді.
Үккіштен өткізілген пиязға сұйық май, жұмыртқаның сары уызы, бал (1 шәй қасық) қосып, құрғақ шашқа жақса, шаш түсуі мен ұштануын тоқтатып, тез өседі.
Апельсин мен лимонға қарағанда, пияздың құрамында аскорбин қышқылы көбірек. Қазіргі таңда жер жүзінде пияздың төрт жүзден аса түрі белгілі. Пиязды жылдың кез келген маусымында пайдалануға болады.
Ескерту!
Пияздың емдік қасиетінің шипасын көру үшін алдымен дәрігердің ақыл-кеңесіне жүгініңіз. Себебі, бірқатар ауруларға пияздың пайдасынан гөрі зияны мол.