Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)64-27-51 87051403594
email: sad8@goo.edu.kz
Адрес: Айманов көш. 22
87182-64-27-51 87182-64-27-52
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Сәрсенбі 15.00-17.00
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!

                                 ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!

Баланың тіл дамуы жалпы психикалық дамуымен тығыз байланысты. Бұған негізгі алғышарттар болып табылатындар:  қарым-қатынастың коммуникативтілік бағыттылығы,  баланың қоршаған ортаға деген қызығушылығы, есту зейіні мен қабылдауы,  дамыған фонематикалық есту және артикуляциялық аппараттың дайындығы. Баланың бір жасқа дейінгі дамуы когнитивтік дамудың негізгі кезеңі болып табылады. Бұл кезде адам тұлғасы мен физикалық және психикалық денсаулықтың  негіздері қалыптасады. Балада қабылдаудың барлық түрлері қалыптаса бастайды: есту, көру, тактильді. Бұлардың негізінде  түйсіну қалыптасады. Бала әлемді тани бастайды. 2-3 жаста дыбысталудың кемшіліктері жасерекшілікті деп саналады. Бала дыбыстарды жұмсартып немесе оңай дыбыстарға алмастыруы мүмкін және бұндай жағдай осы жастағы балалар үшін қалыпты деп есептеледі. 4 жаста балада кәдімгі қалыппен дұрыс дыбысталу үшін тілдік механизмдер қалыптасады.  Әртүрлі себептерге байланысты бұл қалыптасу кешігуі мүнкін. 4 жастан кейін логопедиялық сабақтарға қатысуға болады және керек. (Ескерту: балабақшалық ішкі кезек бойынша)

Ұсыныстар:

1)     Баламен  қалыпты интонациямен, анық және түсінікті сөйлесіңіз.

2)   Фонематикалық естуді өлі табиғат дыбыстары мен адам сөйлеуінен ажыратуға үйретіңіз. Балаға былай деп айтыңыз: «Тыңдап көрші қалайша ит үреді, қалайша жел еседі». Бұл ит үрісі, ұшақ моторы, есік сықыры және т.б болуы мүмкін.

3)   Ұсақ  қол моторикасын дамытыңыз, өйткені, қолдың ұсақ моторикасының дамығандығына баланың ақыл-ойы мен тілі дамуы тығыз байланысты.

4)   Баламен бірге ойын түрінде айнаның алдында артикуляциялық жаттығуын орындаңыз.