«Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамына ойының алатын орны»
Сөйлеу тілі – бұл күрделі, спецификалық ұйымдасқан адамның танымдық іс-әрекетінің түрі.
Адам баласы өмір бойы сөйлеу тілін жетілдіреді, тіл байлықтарын меңгереді. Ойын мектеп жасыга дейінгі баланың негізгі іс-әрекеті, бала дамуының зандылықтарының бірі деп есептіледі. Ойын баланың психикалық процестерінің және тұлғалық белгілерінің сәйкестілік дамуына мүмкіндік тудырады. Ойын баладан ынталығын, көпшілдігін, басқа балалармен қатынаста болуын талап етеді. Сондықтан әр түрлі ауытқуы бар балалармен түзету жұмысын ұйымдастыруда ойын әрекетінің маңызы өте зор.
Бұзылған және сақтаулы анализаторлардың жаттығуына ойын әрекеті ізгі (тамаша) құрал болып есептеледі. Бала ойын барысында еш қиындықсыз жаңа білім, дағдыларды игереді. Бұл ойынның даму және түзету құрал ретінде құндылығы деп саналады.
Түзетушілік жұмыс барысында қолданылатын ойындардың бай қоры жинастырылады. Түзетушілік-дамытушылық ойындар баланы оқытуына және дамуына керекті бұзылған функцияларының орнын басу, жаңа функционалды жүйелерді қалыптастыруға бағыталған.
Ойын сөйлеу тілі дамуы мен сөздің қатынастың құралы және белсендірудің қайнар көзі деп айтуына болады. Бала ойнай ма, еңбек ете ме-осының барлығы тілдің дамуының бір негізі ретінде көрінеді. Ойында бала өз еркімен ойын міндеттерін шешіп, оларды өз сөзімен атай білуге үйренеді және тақырыпқа байланысты құрал-жабдықтардың атауын, алған білімдерін бекітеді. Ойын баланы тәрбиелеу және дамытуының күшті стимулы. Атап айтқанда , ойын барысында оқу, тәрбие, дамыту және түзету міндеттері тиімді шешіледі.
Ойын процесіне логопедиялық сабақтың
vнақты мақсаты
vміндеттеріне сай әдістемелік дұрыс іріктелген арнайы тәсілдеренгізу
vтүзетушілік міндеттерді шешу мақсатымен ойының мазмұнын қарастыру және толықтыруды көздейді
vСөйлеу мүмкіндіктеріне қарай жеңілдетіп немесе күрделеніп отыру
Осыған байланысты балалардан жауап талап етеді.
Ойын балалардың сөздік қорын молайтуға және белсендіруге, сөздерді дұрыс және еркін қолдануға, сұрақтарға толық жауап беруге, байланыстырып сөйлеуінің дамуына толық мүмкіндік береді. Ойын барысында барлық әрекеттерін сөзбен білдіру, сөйлеу әрекетін белсендіруге қажетті жағдай жасау, дыбыс айтуының , лексикалық-грамматикалық құрылымының бұзылыстарын түзету, моторлы функцияларын (ұсақ, артикуляциялық) жетілдіру), психикалықпроцестерін,есту, көру, сипап-сезу, көріп есте сақтауын дамыту жүзеге асады.
Логопедиялық жұмысының кезеңін сақтай отырып, әр түрлі мақсатпен, әр түрлі жастағы, сөйлеу тілінің даму деңгейі әр түрлі балалармен, әр түрлі жағдайда(сабақтан тыс кезде т.б)өткізуге болады.
Логопедиялық сабақта ойынды өткізу алгаритмі
Ойының атауы
Мақсатты белгілеу
(ойынның мақсатын анықтау,түсіндіру)
Ойының мазмұнын түсіндіру
Лексикалық жұмыс
(жаңа сөздерді талдау, балалармен сөздерді атау)
Балалардың әрекетін талдау
Қалыптасқан функцияларын бағалау