ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СӨЙЛЕУ ТЫНЫС АЛУЫН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ОЙЫН ЖАТТЫҒУЛАРЫ
«Қырсық балауызды сөндір»- оң қолда түрлі түсті қағаз жолақтарын ұстау; сол алақанды ішке салу; ауызбен дем алу, ішті үрлеу; одан кейін ұзақ дем шығару, «балауызды сөндіру».
«Паровоз» - бөлмеде жүріп иілген қолдармен паровоздың жүрісін салу және де «чух-чух» деп айтып, дыбысталудың жылдамдығы мен жиілігін өзгертіп отыру.
«Қарға»- тік отырып, қолдарды екі жаққа созып, қолдарды көтергенде – тыныс алу, қолдарды баяу көтергенде – тыныс шығару және «Кар!» деп айту.
«Қаздар ұшуда»- бөлмеде асықпай қолдарды қаздар сияқты қағып жүру, дем алғанда – қолдарды көтеру, дем шығарғанда – түсіру және де «гу-у-у» деп айту (8-10 рет).
«Ботқа»- мұрын арқылы тыныс алып, тыныс шығарғанда «пых» деп айту. 6 рет қайталау.
«Қарындашты домалат»- мұрын арқылы тыныс алып және тыныс шығарғанда үстелдің үстіңдегі қарындашты домалата үрлеу.
«Ағашты кесу»- бір – біріне қарама - қарсы тұрып, қолдардан ұстап ағашты кескендей қимылдар жасау: қолдарды өзіне тартқанда– тыныс алу, қолдарды өзінен алшақтатқанда– тыныс шығару.
«Алма жинау»- тік тұру, қолдарды алмаларды алғандай көтеру - тыныс алу (пауза 3 с). Қолдарды түсіру, еңкейіп төмен түсіру– тыныс шығару. 3-4 рет қайталау.
«Шіркей» - орындыққа отырып, қолдар белде және аяқтармен орындықтың орап алып. Тыныс алып, денені баяу бір жаққа бұрып, тыныс шығарғанда шіркей сияқты «з-з-з» деу; одан кейін тез бастапқы қалыпқа оралып, жаңа тыныс алып, келесі жаққа бұрылып ызылдау.
«Кернейші» - ерінге қиялдағы трубаны жақындату. Кернейшінің қимылдарын салып, қиялдағы клавиштарды басып, «ту-ту-ту» деп айту (10-15 с).
«Қоңыз» - отыру, қолдарды екі жаққа жіберіп, оларды артқа сәл тарту -тыныс алу. Тыныс шығару кезінде үлкен қоңыздың дыбысын салу – «ж-ж-ж» деп, сол уақытта қолдарды төмен түсіру.
«Шина тесіліп қалды» - тыныс алу, тыныс шығарғанда баяу шинадан ауа шығып жатқандай «ш-ш-ш» деп айту.