Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)64-27-51 87051403594
email: sad8@goo.edu.kz
Адрес: Айманов көш. 22
87182-64-27-51 87182-64-27-52
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Сәрсенбі 15.00-17.00
ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СӨЙЛЕУ ТЫНЫС АЛУЫН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ОЙЫН ЖАТТЫҒУЛАРЫ

ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СӨЙЛЕУ ТЫНЫС АЛУЫН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН   ОЙЫН ЖАТТЫҒУЛАРЫ

«Қырсық балауызды сөндір»- оң қолда түрлі түсті қағаз жолақтарын ұстау; сол алақанды ішке салу; ауызбен дем алу, ішті үрлеу; одан кейін ұзақ дем шығару, «балауызды сөндіру».

«Паровоз»  - бөлмеде жүріп иілген қолдармен паровоздың жүрісін салу және де «чух-чух» деп айтып,  дыбысталудың жылдамдығы мен жиілігін өзгертіп отыру.

 «Қарға»- тік отырып, қолдарды екі жаққа созып, қолдарды көтергенде – тыныс алу, қолдарды баяу көтергенде – тыныс шығару және «Кар!» деп айту.

«Қаздар ұшуда»- бөлмеде асықпай қолдарды қаздар сияқты қағып жүру, дем алғанда – қолдарды көтеру, дем шығарғанда – түсіру және де «гу-у-у» деп айту (8-10 рет).

«Ботқа»- мұрын арқылы тыныс алып, тыныс шығарғанда «пых» деп айту. 6 рет қайталау.

«Қарындашты домалат»- мұрын арқылы тыныс алып және тыныс шығарғанда үстелдің үстіңдегі қарындашты домалата үрлеу.

«Ағашты кесу»- бір – біріне қарама  - қарсы тұрып, қолдардан ұстап ағашты кескендей қимылдар жасау: қолдарды өзіне тартқанда– тыныс алу, қолдарды өзінен алшақтатқанда– тыныс шығару.

«Алма жинау»- тік тұру, қолдарды алмаларды алғандай көтеру  -  тыныс алу (пауза 3 с).  Қолдарды түсіру, еңкейіп төмен түсіру– тыныс шығару.  3-4 рет қайталау.

         «Шіркей» - орындыққа отырып, қолдар белде және аяқтармен орындықтың орап алып. Тыныс алып, денені баяу бір жаққа бұрып, тыныс шығарғанда шіркей сияқты «з-з-з» деу; одан кейін тез бастапқы қалыпқа оралып, жаңа тыныс алып, келесі жаққа бұрылып ызылдау.

         «Кернейші» - ерінге қиялдағы трубаны жақындату. Кернейшінің қимылдарын салып, қиялдағы клавиштарды басып, «ту-ту-ту» деп айту (10-15 с).

         «Қоңыз» - отыру, қолдарды екі жаққа жіберіп, оларды артқа сәл тарту -тыныс алу. Тыныс шығару кезінде үлкен қоңыздың дыбысын салу  – «ж-ж-ж» деп, сол уақытта қолдарды төмен түсіру.

         «Шина тесіліп қалды» - тыныс алу, тыныс шығарғанда баяу шинадан ауа шығып жатқандай  «ш-ш-ш» деп айту.