Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)64-27-51 87051403594
email: sad8@goo.edu.kz
Мекенжайы: Айманов көш. 22
87182-64-27-51 87182-64-27-52
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
Денсаулық сақтау жолдары.

Денсаулық сақтау жолдары. 

         Салауатты өмір салтын ынталандыру – әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналасуымызға, дұрыс тамақтануымызға,тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және  т. с. бағытталған.

Толық қанды физикалық жетілген және дені сау мықты баланы өсіріп тәрбиелеу әрбір ата-ананың және мектепке дейінгі мекеменің басты мақсаты
Салауаттану білімі мен тәрбиенің бірлескен жүйесі баланың денсаулығын сақтауға және нығайтуға көмектеседі.
Сондықтан, балалардың дені сау болып, сапалы білім алуы үшін бүгінгі заман талабына сай игі дәстүрлер мен құнды әдеттерді қалыптастыра отырып, салауатты өмір сүрудің құндылығына, қажеттілігіне баланың көзін жеткізіп, оны іске асыру жолдарын көрсетіп, нақты шешім қабылдауға үйретуіміз керек.
«Баланың саулығын сақтау» жөніндегі ақыл кеңестерді денсаулықты сақтауға үйрететін толық құрал ретінде қарауға болмайды.
Әйткенмен, осында айтылған шараларды орындап тұрса, жас буынның тазалықты сақтап, бойларын күтуіне едәуір себеп болар еді деген ойдамыз.
«Ауырып – ем іздегенше, ауырмайтын – жол іздейік.»
Денсаулық кепілі дене шынықтыру жаттығуларының жүйелі сабақтарымен ғана дамиды. Мектепке дейінгі жаста адамның денсаулығының өмір бойы қалыптасуы орындалады. Бұл жаста дене тәрбиесінің ұйымдастырылуы баланың алдағы уақыттағы дамуына әсерін тигізеді. Осы жас аралығында баланың өзіндік қасиеттері, сабаққа қызығушылығы және баланың қабілеттері  ашыла бастайды.   Кіші мектепке дейінгі жас топтарында әртүрлі сауықтыру іс-шаралары ұйымдастырылуы арқылы біз өзіміздің дене шынықтыру  - сауықтыру және профилактикалық жұмыстар жүйелі түрде дамытып келеміз. Баланың денсаулығын нығайтуда біздің балабақшада: дене шынықтыру залы, дене шынықтыруға қажетті жабдықтар бар. Топтарда өзіндік массажға әртүрлі денсаулық  жолдары, спорттық жабдықтар, ойынға арналған көрнекіліктер, жаттығу картотекасы және ойын массажының картотекасы бар. Денсаулықты нығайтуда жүйелі технологиялар баламен жұмыста дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларымен болады. Ауруларды алдын-алу   жұмыстарында біз ұйқыдан соң сауықтыру жаттығуларын, тыныс алу жаттығуларын өткіземіз. Жас ерекшелігіне байланысты жаттығу түрлерінің кешені ойластырылды және олар күрделі түрде топтастырылды. Шынықтыру жаттығуларын өткізбес бұрын, олардың жас ерекшеліктері мен дене дамуы ескеріледі.   Мектепке дейінгі балалардың жасында дене шынықтырудың қалыптасуы оқу-тәрбие үрдісінде қоршаған ортаны танып білуде, жолдастарына және өзіне деген оң көзқарастық орнатады.

  Денсаулықты  нығайту бөлмені желдетуден  басталады. Ауа балалардың шынығуының  ең қолайлы тәсілі. Бөлмеде  ауаның  температурасы +18, +20 градус болу керек. Ауарайы  салқын болғанда  күніне 3-4 рет желдетіледі. Жазда  терезені көбіне ашық ұстау керек. Балалар   жыл  мезгіліне сай киініп отырады. 
Ауа, су, күннің көзін мақсатты түрде    пайдалану-бала бойында  өзгерістегі   жағдайларға төселген     реакциялардың қалыптасуына көмектеседі, яғни оның ағзасын шынықтырады. Шыныққан  баланың  тәбеті  жақсы, белсенді, салмақты, көңілді  болып  жүреді. Суға шомылудың  адам  ағзасына  тигізетін  пайдасы көп. Ал күнге қыздырыну-адам ағзасы үшін аса қажетті табиғи құрал. Таңертеңгі қабылдаудан  кейін ертеңгілік  жаттығулар  жасатылып  отырады. Таңертеңгі бой жазу  немесе спорт жаттығуларын  мүмкіндігінше  далада  өткізген  жөн. Себебі, ағзаны  шынықтыруға  ең  алдымен таза ауа  керек. Балалар екімезгіл  серуенге, таза ауаға шығарылады. Қыс  мезгілінде  ауарайына сай  серуенге  шығарылады. Серуен  кезінде бала таза ауамен  тыныстайды, күнге  қыздырынады. Ұйқыдан  кейін  балаларға  тыныс алу  жаттығулары  жасалып, массаж  жүргізіледі. Тыныс   алу  жүйесі  жетілмеген  баланың  ағзасы  әлсіз, тез шаршағыш  келеді. Балаларға  тыныс  алу  жаттығуларын  үнемі   орындатып  отыру  керек
Дене шынықтыруды нығайтуды оқыту технологиясы баланың жинақтылығын, зейінін, ойлау белсенділігін және есте сақтау қабілетін қажет етеді.Дене шынықтыруды нығайту үрдісінде балалардың  ойлау қабілеттерін , рухани эстетикалық талғамдарын, өз денсаулығын, алға қойған мақсаттарын, ұйымдастырушылық және ақкөңілдік қасиеттері қалыптасады. Балалардың барлығы тәрбие үрдісінде денсаулықтарын нығайтуға және жеке жан-жақты дамуына үлесін қосады. 

Әрбір таң жаттығулардан басталады. Бұл жаттығулар гигиеналық мақсаттар үшін жүргізіледі: ағзаны ұйқыдан, ұйқылы күйден ояту.

Таңертеңгілік гимнастикаға арналған киім жеңіл, табиғи материалдан тігілген болу, аяқтарында ыңғайлы аяқ киім немесе шұлық болуы керек. Жалпақ аяқ та жаттығуға болады.

         Таңертеңгілік гимнастикаға мекпеп жасында дейінгі балалардың тірек-қимыл аппараты қызметі мен құрылысына сәйкес, балаларға жеңіл жаттығулар таңдалынып алынады. Жаттығулар балалардың игеруіне көп күш-қайрат жұмсайтындай, қарапайым болуы қажет. Егер бала үшін қимыл қиын болса, онда ол қимылды жақсы орындай алмайды.

         Балабақшаларда жаңа жаттығулар денешынықтыру сабақтарында үйретіледі. Ал жағдайында жаттығуда алдымен үйреніп алып, содан кейін ғана қажетті темппен орындау керек. Егер жаттығулар кешені балаға жақсы таныс болса, онда музыкамен өткізуге болады.

         Мектеп жасына дейінгі балаларға оңға, солға, жартылай оңға, жартылай солға бұрылу, кері бұрылуды үйрету ұсынылады.

         Жаттығулар әр түрлі бұлшық еттер топтарына арналған болуы тиіс.

Мұндай жаттығулар баланы шаршатпайды, өйткені кейбір бұлшық еттер жұмыс істеп жатқанда кейбіреулері демалыс күйде болады.

         Жаттығулардың бірінші тобы қол мен иық бұлшық еттерін нығайтуға бағытталған.

Таңғы жаттығулар жүйесіне бірнеше еліктеуіш жаттығулар кіргізілген, мысалы: «Мысық арқасын бүгіп жатыр», «Тырна суда жүріп бара жатыр», «Түлкі ақырын аяғын басып келеді», «Цирктегі ат», «Ұшып бара жатқан құс». Таңғы жаттығулар жүйесі кинезиологиялық («Көздер», «Тіл», «Басты айналдыру», «Мақұлдау») және тыныс алу жаттығуларымен («Әтеш», «Сағаттар», «Қаздар ұшып барады», «Құлақтар», «Қарды үрлейік», «Самал жел») толықтырылған.

І жаттығу 
Мұрнымен  демді  ішке   тарту.
Дем  шығарғанда "м-м-м" дыбысын  айту  немесе "ба-бо-бу, г-м-м-м". 
ІІ жаттығу 
Трактордың
  маторының   дыбысын салу: "д-т-д-т" деп тез қайталау. Параход: "у-у-у". 
ІІІ жаттығу 
Бөлме
  ішінде   паравоз  дыбысын салу: "чух-чух". Ағаш жару қимылын көрсету: "бух-бух". Сағат   болып  белді  оңға, солға  қисайту: "Тик-так". Бақа  сияқты  секіру: "бақ-бақ". 
Ұйқы
  ашу  жаттығуларының да баланың  денсаулығын  жетілдіру  үшін  маңызы  зор. Төсекте  жатып, баланың  ұйқысын  ашу  жаттығулары да болады. Мысалы, "велосипед тебейік", "құлағымыздың  қырын  сипап, құлағымызға  сырға тағайық", "басымызды жуайық, шашымызды  тарайық", "бетті, маңдайды  сипайық", "керіліп, созылайық" осы сияқты  көптеген  жаттығуларды орындату  арқылы баланың  денсаулығын   нығайтамыз. Барлық  ата-ана, тәрбиешілер мен ұстаздарбаланыңкүшті, епті, төзімді, денсаулықтарымықты, денелерінің  түзу  әрі  әдемі  болып  өскенін   қалайды. Ол  үшін  баланы  әрдайым  денесін  шынықтырып, денсаулықтарын   нығайтуда   көп  жұмыс   жасауымыз  керек. "Денсаулық  күні" өткізілетін  спорттық  жарыстар  баланың денсаулығын   нығайтып, қабілетін арта түседі. 
Әрбір бала болашақта
  отбасына, халқына, отанына  көбірек  пайдасын   тигізу  үшін  оның   дені сау, күшті, епті, қиындықтан  қорықпайтын, төзімді, қабілетті болу тиіс. Ол  үшін  әрдайым  спорттық   жаттығуларды  үзбей  орындап  күн    тәртібін  сақтау  керек.