Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)64-27-51 87051403594
email: sad8@goo.edu.kz
Мекенжайы: Айманов көш. 22
87182-64-27-51 87182-64-27-52
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
психолог кеңес

                                        Балаларға қандай ойыншықтар қажет?

            Баланың бай эмоционалды әлемі ойыншықтарсыз дамуы мүмкін емес, олар баланың өз сезімін білдіруге, қоршаған ортаны зерттеуге, өзін тануға және қатынас жасауға мүмкіндік береді. Ойыншықтардың міндетті түрде қымбат және бай қуыршақ, машина болуы қажет емес. Кейбіреуде анасынан қалған қонжық, перделерден тігілген киімдері көп қуыршақ болуы мүмкін. Көптеген сансыз ойыншықтар ішінен тек қана бала өзіне қажеттісін таңдап ала алады. Бұл таңдау үлкендердің достар мен сүйіктілерін таңдау сияқты, ішкі эмоция қозғауыштарымен шарттасады.

            Әр баланың сырласатын, ұрсатын, жаза қолданатын, аяп, аймалайтын ойыншығы болуы керек. Ондай ойыншық ата-ана бір жерге кеткенде, жарық сөніп ұйықтау кезіндегі қараңғыдан қорқу сияқты жалғыздық қорқынышын ойыншық – досы жеңуге көмектеседі. Кейде ол ойыншықтарға ызаланады, жазалайды, сындырып көрінбейтін бұрыштарға тығып тастайды, бірақ ренжіген кездерінде естеріне алып, жөндейді, өшіріліп қалған көзін, ернен қайтадан жаңартады, жаңа киімдер, құлағын, құйрығын тігеді.

            Ал робот – трансформерге, «Денди» ойыншығына бала қатынасы соншалықты болады деуге сену қиын. Кішкентай ұлдар мен қыздар жандарына жақын Барби, қонжық, мысық, қоянды өздеріне дос ретінде қабылдайды, өйткені олар адамдарға жақын және түсінікті.

Дегенмен, баланың таным, ойлау қабілеті, өрісі дамуы үшін, үлкендерге еліктеу, ертегі оқиғаларын қайталау үшін өзіндік ойыншықтар жиынтығы болуы керек.