Сенім телефоны
87182531781
email: pavlodar033@mail.ru
Мекенжайы: Торайгыров көшесі, 16
87182531781 87182535279 87182537490
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Әр айдың дүйсенбі күні сағат 16.00-18.00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Дидактикалық ойындардың тәрбиелік мәні»

«Дидактикалық ойындардың тәрбиелік мәні»

Тәрбие баланың дүниеге келген сәтінен басталады. Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет – ойын. Ойын арқылы бала өзінің қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен, адамдардың еңбегімен, қарым-қатынастарымен танысады.          

 Халқымыз ойындарды «тек балаларды алдандыру», «көңілін көтеру әдісі» деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарастарын, мінез құлқын қалыптастыру құралы деп ерекше бағалаған. Ойын – негізінен, балаларға дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды құралы. Ойын балаларды ұйымшылдыққа үйретеді. Ойынның түрлері көп, соның ішінде маңыздысы – дидактикалық ойын.  Мұның бала ой-өрісінің қалыптасуына, дамуына пайдасы мол. Сондай-ақ балалардың адамгершілік сезімін оятуға, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасау, еңбек адамдарына, басқа ұлт өкілдеріне, достық, туған жеріне сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуге көңіл бөледі. Дидактикалық ойындар – балалар үшін өзіне тән жүру барысы, мақсаты, маңызы бар әрекет. Ойындарды бала тәрбиесіне енгізу үшін тәрбиешілер көптеген жұмыстарды атқарады.

Дидактикалық ойындардың түрлері: Заттық ойындар: дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады. Үстел үстінде ойналатын ойындар: “Лото”, “Домион” және т.б. Сөздік дидактикалық ойындар

Дидактикалық ойын балалардың қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтеді, баланы оңай білуге баулып, ақыл-ой қызметін қалыптастырады әрі адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады.