Сенім телефоны
87182531781
email: pavlodar033@mail.ru
Мекенжайы: Торайгыров көшесі, 16
87182531781 87182535279 87182537490
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Әр айдың дүйсенбі күні сағат 16.00-18.00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мектепке дейінгі балаларды мемлекеттік тілде сөйлеуді үйретуде модельдендіру технологиясын қолдану

        Қазақ тілі - әлеуметтік, рухани адамгершілік, эстетикалық тәрбиенің қайнар көзі балалардың мүмкіншіліктерінің даму барысында қазақ тілінің оқыту мен тәлім – тәрбие берудегі рөлі күннен күнге арта түсуде. Басқа ұлт өкілдерінің балаларын қазақ тілінде сөздерді, сөйлемдерді,  диалог,  монолог үлгілерін механикалық қайталай беру жолымен емес, жалпы белсенді түрде сөйлеу арқылы үйрету керек.

Біздің балабақшамызда балаларға мемлекеттік тілді меңгерту үшін барлық жағдайлар жасалынған.

Қазақ тілінде байланыстырып сөйлеуді дамыту үшін тиімді әдістердің бірі - тірек сызбалар. Тірек сызба – есте сақтау қабілетін жеңілдететін және қосымша ассоциацияларды құраумен есте сақтау көлемін кеңейтетін әр түрлі тәсілдердің жүйесі.

Тірек сызбалармен өткен сабақтың тиімділігі:

ØМатериалдарды түсіндіруде мұғалім көп қиналмайды;

ØЖасөспірімдер жаңа сабақты, материалды оңай қабылдап, тез меңгереді;

ØСабақты түсіну арқылы жасөспірімдердің ынтасы артады;

ØТіл ұстарту жұмысы еркін жүргізіледі;

ØТопта басы артық шу, әңгіме болмайды;

ØТірек сызбалар арқылы үш-төрт сөзден сөйлем немесе шағын әңгіме, диолог құрай алады;

         Күтілетін нәтиже:өзге ұлт балаларына мемлекеттік тілді тірек сызбалар арқылы қызыға меңгеру, қазақ тілін қаншалықты бай тіл екеніне көздерін жеткізу.Балалар жеке – дара, жұппен, топпен, орталықтарда белсенділікпен жұмыс атқару көзделеді.