Коронавирус: аурудың белгілері мен сақтану амалдары
Коронавирустық инфекция қалай жұғады:
- ауа тамшылары арқылы: жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескен кезде екі адамның аралығы жақын болса
- байланыс жасау арқылы: қол алысу кезінде және беткі қабаттардан (мысалы, есіктің тұтқалары), азық-түлік өнімдері
Коронавирус инфекциясының алдын алу үшін төмендегі ескертулерді орындау қажет:
- қоғамдық орындарда, соның ішінде қоғамдық көліктерде бетперде кию;
- қол гигиенасын сақтау; - әлеуметтік қашықтықты сақтау;
- адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу.
Коронавирустық инфекцияның ең көп кездесетін белгілері – дене қызуының көтерілуі (38 ° C дейін) және құрғақ жөтел. Кейде тамақ ауырып, шаршағыштық сезім пайда болып, буын ауруы, бас ауруы және ентігу сияқты белгілер пайда болады. Сирек кездесетін белгілер - мұрынның ағуы және диарея.
