Сенім телефоны
8 (7182) 50-50-71
email: sad48@goo.edu.kz
Мекенжайы: Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 128/1 құрылыс
Қабылдау бөлмесі: 8 (7182) 50-50-71 Бухгалтерия: 8 (718 2) 50-72-81 Вахта : 8 (7182) 50-70-60
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі 15.00-17.00 дейін, бейсенбі 09.00-11.00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Медбике кеңестері

Педикулездіңалдын-алуға болады!

Педикулез, яғни, биттеу туралы әңгіме ұятты тақырып ретінде талқыланатыны бәрімізге де белгілі. Себебі, педикулезбен науқастанған баланың өз құрдастарының күлкі – мазағына айналатыны анық. Балалар ұжымындағы осындай психикалық жарақаттың өте ауыр өтетіндігіне байланысты, өзінен битті байқаған әрбір бала жағдайды қоршаған адамдардың барлығынан, соның ішінде, ата-анасынан да жасырып, басына түскен мәселеден өздігінен шығуға тырысады. Білім беру мекемелерінің әкімшілігі мен ұстаздарының оқушылар арасындағы педикулез ауруын анықтауға аса мән бермеуі, және ата-аналар мен оқушылардың өздерінің педикулездің алдын-алу және жеке бас тазалығын сақтау сұрақтары жөнінде толық ақпараттандырылмауы да аурудың пайда болуының бірден-бір себебі ретінде қарастырылады. Өкінішке орай, қарапайым әдіс – тәсілдерді білмейінше бұл паразиттерден арылу мүмкін емес. Педикулез - әлеуметтік маңыздылығы бар, кең таралған жұқпалы ауру. Облыс бойынша аталмыш ауру түрімен зақымдану көрсеткіші 100 000 тұрғынға шаққанда 1,97 пайызды құрайды. Бұл нақты тіркелген ақпараттар ғана. Ал, шынайы жағдайда бұл көрсеткіш жоғары болуы мүмкін. Бұған негізінен: тұрғындар арасындағы көшіп – қону мәселесінің артуы, жұқпалы ауруларға қарсы иммундық жүйенің төмендеуі, емдеу мекемелерінің санитарлық – ағарту жұмыстарын сапасыз жүргізуі мен жолсапарлар санының артуы себеп болып отыр. Педикулез немесе биттеу деп – адам денесінде биттердің арнайы паразиттік тіршілік етіп, оның қанымен қоректенуін айтамыз. Педикулез - ауру адаммен қатынаста болған жағдайда, әлеуметтік жағдайы жақсы, жеке бас тазалығына көңіл бөлетін адамдарда да пайда болуы мүмкін. Битті жұқтыру қарым-қатынас кезінде беріледі, яғни, бит бір адамнан екіншісіне: биттеген адаммен қарым-қатынас кезінде, ұжымда, балалар мекемесінде, лық толы қоғамдық көлік ішінде, қарапайым жеке бас тазалығын сақтамаған жағдайда, яғни, киім – кешек пен төсек орындарын, тарақты ортақ пайдаланған жағдайда. Педикулезы алдын-алудағы басты ережелерге: 7-10 күн сайын суға шомылып, киім-кешек пен төсек орынды ауыстырып отыру, шашты қиып – тарау, жеке тарақтарды пайдалану; балалар ұжымдарына баратын балалардың шашы мен киімдерін үнемі тексеріп тұру; ұзақ жолсапардан келген отбасы мүшелеріне де тексеру жүргізу. Жеке бас тазалығы мақсатында педикулез туралы балаларға түсінікті де қарапайым етіп айту керек. Педикулездің басқа аурулар тәрізді ауру екендігін, өздігінен емделіп – жазылмайтындығынан, онымен күресу керектігін түсіндіру керек. Сонымен қатар, биттердің таза, шашы қиылып – таралған балалардан аулақ жүретіндігіне назар аударту керек. Өзге адамдардың тарағын, бас киімін, киім-кешегі мен төсегін пайдаланбаған жөн. Балалар ұжымдарында жеке бас тазалығын сақтау, жинақылық пен ұқыптылықты мадақтап, сыйлық берудің де пайдасы зор.