Сенім телефоны
8 (7182) 50-50-71
email: sad48@goo.edu.kz
Мекенжайы: Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 128/1 құрылыс
Қабылдау бөлмесі: 8 (7182) 50-50-71 Бухгалтерия: 8 (718 2) 50-72-81 Вахта : 8 (7182) 50-70-60
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі 15.00-17.00 дейін, бейсенбі 09.00-11.00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Болашақ ұрпақ

«Баланы тәрбиелеудегі мақсат – тәрбиешінің

дәл   өзіндей  етіп шығару емес,

 келешек өз заманына лайық етіп шығару».            

М.Жұмабаев

 

                          Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан  Республикасының болашағы қоғамның идеялық бірлігінде,  еңбегінде «Біз құрып жатқан қоғамның ең жоғарғы құндылығы - адам, бүкіл өзгерістердің бәрі сол үшін, соның игілігі үшін жасалып жатыр», - деп, көрсетілген.  Ендеше, баланың болашақта өз өмір жолын таңдай білу қабілетін дамытуда - баланың өмірлік ұстанымын , адам өміріндегі ең жоғарғы құндылық екенін санаға сіңіруде, кәсіби  бағдар беруде оларды тәрбиелеу мен әлеуметтендірудің  маңызы зор болып табылады.

     Әлеуметтендіру  үдерісінің  тиімді  жүзеге  асырылуы  адам  қоғамға  өзін  бейімдей  алғанда ғана болады. Ал егер  адам қоғам  өзгерістеріне сай пайда болған  жаңа талаптарға  сәйкес  бейімделе алмаса, онда ол  әлеуметтенудің құрбаны болады.

       Сонымен қатар,  адам қолайсыз  жағдайлардың  да  құрбаны болуы мүмкін. Мысалы, ата-анасы  ішімдікке  салынып кеткен  отбасыдағы  балалар, медициналық  қателіктің  нәтижесі,  экологиялық орта  және тағы  басқада да баланың  қалыптасуына  оның  әлеуметтендірудің құрбаны екендігін көрсетеді.

       Мектеп жасына дейінгі  кезеңде аурушаңдық,  рухани соққы алуы, отбасындағы жоқшылық,  кедейшілік те кейде әлеуметтік  ауытқуға алып келеді. Ата-анасының  ішімдікке салынуы,  өгей әке мен шешенің болуы,  тәрбиеде  дұрыс қамқорлықтың болмауы баланың тілінің дұрыс дамымауына әкеліп соқтырады.

       Сондай-ақ,  ата-аналардың ажырасуы, мұғалімнің қатал қарым-қатынасы бала дамуында, яғни  әлеументтенуде  үлкен  рөл ойнайды.

     Сонымен, біз  баланы тәрбиелеу  мен білім беруде аса мұқият болып,  тәрбиенің  гумандық бағытының негізгі принциптерін  бірізді де  жүйелі  жүзеге  асырылуына  байланысты  болады.

 

 

                      Әлеуметтік педагог:                                   Г. Тулебаева