Сенім телефоны
8 (7182) 50-50-71
email: sad48@goo.edu.kz
Мекенжайы: Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 128/1 құрылыс
Қабылдау бөлмесі: 8 (7182) 50-50-71 Бухгалтерия: 8 (718 2) 50-72-81 Вахта : 8 (7182) 50-70-60
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі 15.00-17.00 дейін, бейсенбі 09.00-11.00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Сценарий

 «Күзгі қиял» мерекесі
Мақсаты:  Балалардың шығармашылық,қызығушылық қабілеттерін арттырып,ұйымшылдыққа,достыққа,жауапкершілікке тәрбиелеу.Күз мезгілі туралы түсінік беру.
Кейіпкерлер:Күз ханшайымы,Жаз
Жүгізуші: Сарғайды тоғай сап-сары маңай
                   Соңғы әнін айтып, құс кетті қайтып
                   Жаздай күткен бәріміз Сары алтын өлкемізде
                   Карсы алайық алақай!
Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар! Бүгінгі Алтын күз атты мерекелік ертеңгілігімізге хош келдіңіздер!
Музыка ырғағымен балалар залға   билеп кіреді (Биден соң сол орындардында жарты шеңберде тұрады)
Жүргізуші:         Арайлап таң атты
Алтын сәуле  таратты!
Баршамыз бір тойласын
Мерекемен жайнасын
әнмен бүгін бастайық
қол соғып бір хоштайық
Мерекемізді «Балабақша» әнімен бастайық.
Ән: «Балабақша»
Жүргізуші: Міне күз де келді күздің қайталанбас ерекшеліктерін еске түсіру үшін мына тмамаша өлең жолдарын тыңдайық
Тақпақтар:
1-бала:  
             Қайтқан құсты көрдің бе,
             Қаптай ұшқан әуелеп.
             Күткен күзім, келдің бе,
             Сыңсып бағың мәуелеп.
2-бала:
             Қамба толды астыққа,
             Алғыс саған, алтын күз!
             Бір уыс дән шаштық та,
             Қап-қап қауын алдық біз.
3-бала:   
            Берекесін сыйлауға,
            Өлкемізге күз келді.
            Жемістерін жинауға,
            Шақырады біздерді.
4-бала:
           Құстар қайтты ән салып,
           Бұлт шарлады аспанды.
           Қыс келеді жар салып,
           Күзгі суық басталды.
Музыка ойналады залға Жаз ханшайымы келеді.
Жаз: Армысыңдар құрметті қонақтар! Бармысыңдар балалар, таныған боларсыңдар? Бұл мен   Ыстық жазбын ең қызықты жыл мезгілдерінің бірімін.
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе жаз, сізді көргенімізге өте қуаныштымыз! Бірақ, біз күзді тосып отырмыз.
Жаз: білемін, бәрінде білемін. Біле тұра сендерді қимаймын, сондықтан кеткім келмейді. Күзді көруге келдім. Кайсымыз әдемі әрі қызықты екенін салыстырғым ақ келеді.
Жүргізуші: Сізді Жаз біз өте жақсы көреміз, әрі жомарт күзді, ызғарлы қысты, шуақты көктемді де жақсы көреміз. Солай ғой балалар!
Балалар: Иә!
Жаз: Жоқ күзде суық және көңілсіз! Сенбеймін, сенер емеспін
Жүргізуші: о-о-о-о-о! Сіз тіпті Күз ханшайымын танымайсыз ғой!
Кәне балалар күз туралы ертегіні көрсетейік ші.
Күз туралы ертегі. (кейіпкерлер: автор, күнтізбе, қар, жаңбыр , құс)
Автор: Баяғы бір заманда, тіпті жер бетінде адамдар болмаған кезде, аса қадірменді күн тізбе өзінің кеңесшілерін жинап алып тіл қатады.
Хан Күнтізбе: Мен жер бетінде тәртіп орнағандыы қалаймын. Мысалы: ыстық болса деймін, тіпті суық ақша қар жер бетін жауып жатса деп армандаймын.
Кеңесші Қар: о! Аса қадырменді! Бұл мүмкін емес. Қармен бірге бетті қарыған ызғар келеді .
Хан күнтізбе: иә, дұрыс айтасың. Ендеше қыспен дос боласың.
Автор: кеңесші қар ханның шығарған үкімін хоштап, риза болады.
Кеңесші жаңбыр: О,  Ханым! Ыстықта жаңбырсыз өмір сүруге болмайды. Хан күнтізбе: Дұрыс айтасың кеңесші жаңбыр! Ендеше, сен ыстық жазбен жолдас бол қымбатты досым.
Автор: жаңбыр да бұл шешімін құптап, ризашылығын білдіреді, хан күнтізбе сөзін ақтай бергенде кішкентай құс тіл қата жөнеледі.
Құс: ұлы әрі мәртебелі Хан! Егір жер жүзінде тек жаз бен қыс болса, біз құрып кетеміз!
Хан күнтізбе: неліктен?
Құс: біз қыс мезгілімен жаз мезгілін дайындық жасауға үлгермейміз. Қыста еш нәрсе өспейді, ал жазда жеміс жидектер пісіп үлгермейді.
Хан күнтізбе: Уа, кішкентай құс, дұрыс айтасың. Көктем де , күз де керек! Шуақты көктем қызда мызғыған жерді оятады. Жорман күз жазда піскен өнімді жинап алуға мүмкіндік береді.
Автор: осылайша жылдың төрт мезгілі пайда болады. Олар:көктем,жаз, күз, қыс.

Жаз: керемет ертегі! Жылдың төрт мезгілісіз өмір жоқ екен. Менің күз мезгілімен танысқым келеді.
Жүргізуші: ендеше  біз ортаға күзгі жапырақтарды шақырайық, олармен бірге күз ханшайымды да келіп қалар.
Би: «Күзгі қиял»
Күз ханшайымы:
Салеметсіздер ме балалар, салеметсіздер ме қонақтар.
Жүргізуші: Күз ханшайымы хош келдіңіз.
Жаз: Күз ханшайымы сені көргенше асық болдым, сені бәрі мақтап жатыр, өзіңмен не ала келдің?
Күз ханшайымы: Мен балаларға қызықты ойын ала келдім.
Ойын: «Поезд»
(Шарты: Балалар бірінен соң бірі тұрып поровоз болып кілемге дейін жүреді әуен ойнағанда поровоз журіп кетеді әуен тоқтағанда жердегі көкеністерді тереді  себеттерге  бөліп салады.Әуен қайта ойнағанда әркім өз орындарына тұрып поровоз болып орындарына жайғасады. Ойын арқылы балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту)
Жүр:  Күз ханшайымы балалардың сізге арналған әндері бар.
Ән: « Күзде»
Тақпақтар:
Жаз: Міне керемет күзде қызықты болады деп ойламаппын.
Жүргізуші:  Жаз сен білесің бе күзде барлық жеміс жидектер піседі.Қазір біздің бақтағы қауындар би билеп береді.
Би: «Қауындар»
 Жаз: Міне керемет күзмезгілінің қызықтары өте көп екен.
Жүргізуші:Дұрыс айтасың қазір балалар  «Күзгі жапырақтар»әнін айтып береді.
Ән:«Күзгі жапырақтар»
Жаз:Сендер менің әбден көңілімді көтердіңдер. Менің сендермен бір қызықты ойын ойнағым келіп кетті.
Ойын: «Жапырағын тап»
Шарты : Үш түрлі ағаш үш бұрышқа қойылады сол ағаштардың жапырақтыры аралас шашылып  2-стол үстінде жатады.Балалар әр бір ағаштың жапырағын дұрыс тауып сол ағашқа орналастырады.

Күз ханшайымы: Керемет балалар ойын шартын дұрыс орындадыңдар.  
Жүргізуші: Балалар күз мезгілінде тағы жиі не болады?
Балалар: Жаңбыр.
Жүргізуші: Ендеше балалар біз « күз тамаша» әнін орындап берейікші.
Ән: «Күз тамаша»
Жаз: Енді балалар мен де жол жүрейін, өзімнің ағаларыма болған оқиғаны айтып берейін.
Күз ханшайымы: Тоқта жаз! Мына себет толы сыйлықты қабыл ал, мен сені шығарып салайын, сау болыңдар.
Жаз: Сау болыңдар.
Жүр: Балалар сендерге мереке ұнады ма? Ендеше мерекемізді топта жалғастырамыз. (Балалар екі екіден өз жұптарымен музыка әуенімен залдан шығып кетеді)