Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 (7182) 50-50-71
email: sad48@goo.edu.kz
Мекенжайы: Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 128/1 құрылыс
Қабылдау бөлмесі: 8 (7182) 50-50-71 Бухгалтерия: 8 (718 2) 50-72-81 Вахта : 8 (7182) 50-70-60
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі 15.00-17.00 дейін, бейсенбі 09.00-11.00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
сценарий
сценарий

Павлодар облысының білім беру басқармасы,Павлодар қаласы білім беру бөлімінің  «Павлодар қаласының №48 санаторлық сәбилер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

 

 

 

 

           

 

 

 

 

 

 

 

 

«Төрлет құтты жаңа жыл»

Ортаңғы тотарға арналған сценарий

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                   Музыка  жетекшісі:Енсебаева.Қ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2023-2024 оқу жыл

Мақсаты:балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, Қоянның карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.

Кейіпкерлер:

Аяз ата

Ақшақар

Сыйқыршы ханшайым

Жаңа жылға арналған «Төрлет құтты жаңа жыл»атты мерекелік ертеңгілік өткізілетін, әсем безендірілген топқа балалар билеп кіреді.

 Жүргізуші: Құрметті  балалар!Сендердікеле жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз!

Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрле, төрле жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын!                               

                                        Ән:«Жаңа жыл»

(Ертегілер әуенімен сиқыршы ханшайым кіреді)

Сиқыршы ханшайым: Сәлеметсіңдер ме менің достарым , кішкентай балғындарым. Мен сиқыршы ханшайыммын.

Жүргізуші: Қош келдің сиқыршы ханшайым! Бүгін біз жаңа жыл мерекесін өткізгелі жатырмыз. Біз мерекеде ән  айтамыз, шыршаны айналып билейміз,түрлі ойындар ойнаймыз.

Сиқыршы ханшайым: Қызық екен, ол қандай мереке? Мен білмейді екенмін.

Жүргізуші: Балалар ол қандай мереке?

Балалар: Жаңа жыл мерекесі.                

Сиқыршы ханшайым: Жаңа жыл??? Ол қайдан  келеді? Қайда кетеді? Мен бәрін білгім келеді? Жаңа жыл деген не?

Жүргізуші: Қазір балалар саған жаңа жылдың не екенін түсіндіріп,айтып береді.               

1.Жаңа жыл, жаңа жыл

Жаңа жылда, жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Жадырап барлық бала жүр.

 

2.Жаңа жылды қарсы алдық  

Мініп алып күймеге

Менде бүгін ән салдым

Араластым биге де.

 

3.Жаңа жыл, жаңа жыл

Сені күттім елендеп

Өзіңменен ілесіп

Аяз ата келер деп.                                                

Жүргізуші: Міне біздің  жаңа жыл қандай. Сиқыршы ханшайым,бізбен бірге қалып балалармен би билеп, ән салып біздің мерекеміздің құтты қонағы болыңыз.Бізге тағы  қонаққа  Аяз ата келеді.

Сиқыршы ханшайым: Жаңа  жылдың не екенін енді білдім. Әрине қаламын жаңа жылды сендермен бірге қарсы аламын. Бірақ мен Аяз  атаны танымаймын. Ол кім?

Жүргізуші: Аяз ата ол  мейірімді, мұрны қызыл сүйкімді ақ сақалды ата. Ата көп ертегілерді біледі, ол ормандағы жануарлардың досы. Аяз ата барлық балалармен бірге билейді, ән айтады.

Сиқыршы ханшайым: Балалар мен Атаны көргім келеді.(қоңырауды алып)қазір мен қоңырау соғып шылдыратсам Аяз ата тез арада келеді.(Қоңырауды соғады )

(Музыка ойнап Ергежей билеп келеді)

Сиқыршы ханшайым: Балалар мынау ма аяз ата?

Балалар: Жоқ

Ергежей:  Сәлеметсіңдерме  балалар. Ия мен Ергежеймін.

Сиқыршы ханшайым: Ия сен Аяз ата емессің. Сенің мұрның қызыл емес, сақалың ақ емес? Сен мұнда қалай келдің? 

Ергежей:  Мен?Мен қоңырау үнін естіп келдім

Жүргізуші: Гном қандай күлкілісің, қандай әдемісің! Гном сен  бізбен қал, біз ән айтып, би билеп жаңа жылды қарсы аламыз.

Ергежей:Әрине бүгін жаңа жыл ғой. Бәріміз көңілді ойын ойнайық.

                                  Ойын: «Қатып қал»

Ергежей:   Қандай керемет ойнадыңдар!Сендермен қандай көңілді!Бірақ маған ары қарай жол жүру керек. Сау болыңдар балалар! (Шығып кетеді)                                

Жүргізуші: Балалар  Аяз атаның орнына бізге күлкілі Ергежей келді. Енді  Аяз атаны шақырыңызшы сиқыршы ханшайым!

Сиқыршы ханшайым: Мен басынан бастап  шатастым, енді

қайталамаймын. Маған тағы көмектесіп жіберіңдерші, Аяз ата туралы суреттеп айтып беріңдерші.

Тақпақтар:

7.Аппақ тонға оранып

Базарлықты мол алып 

Келеді елге сапардан

Аяз ата оралып

8.Ақсақалды атажылына

Бір ақ рет келіп кетеді

Қызы мен Ұлына

Сыйлық алып келеді.

9.Келді  тағы  жаңа жыл 

Қуантумен біздерді

Аяз ата келеді  

Құттықтауға біздерді   

Жүргізуші: Көктемде оны көрмейміз, жазда бізге келмейді, жылда  жаңа жылда  келеді.

Сиқыршы ханшайым:   Шатаспа қоңырауым шырылда.  Ақ сақалды атаны, сен әкел тездет мұнда.(Қоңырауды соғады)

(Музыкамен аққала келеді)

Аққала: Қандай әсем шырша, қандай әдемі қыздар,қандай әдемі ұлдар. Мен далада ойнап жүргенмін бір уақытта қоңыраудың дили дон,  дили дон деп соққан дыбысын естіп тездетіп жүгіріп келдім.

Сиқыршы ханшайым: Бұл қалай болғаны? Еш нәрсе  түсінбедім, менің сұрағыма жауап бер, Аяз ата емессің бе?            

Аққала: Жо- жоқ. Мен Аққаламын. Мұздан қардан жасалғанмын.

Жүргізуші:(Сиқыршыға қарап) Айтары жоқ сиқыршысыз,бірақ  қайта қайта шатасасыз.

Аққала: Мен сендермен бірге осында қалғым келіп тұр,қалуға болады ма?

Жүргізуші: Әрине болады,  балалар саған арнап би билеп береді. 

Би:  «Аққала»

Аққала: Балалар сендермен өте көңілді,бірақ маған кету керек.Сау болыңдар балалар!(Аққала шығып кетеді)

Жүргізуші: Балалар, біз ойнадық, биледік,ән айттық. Шыршаның жанына қонақтарды жинадық. Бірақ біздің бас қонағымыз Аяз ата мен Ақшақарымыз жоқ қой?.

Сиқыршы ханшайым: Өтінемін,маған ренжімеңіздерші,мен енді шатаспаймын. Балалар барлығымыз бірге қосылып Аяз ата мен Ақшақарды шақырайықшы.

Жүргізуші: Қане балалар, Аяз Ата – Ақшақар-деп айтайық!

Барлығы:Аяз ата Ақшақар 3 рет айтады.

 (Музыкамен Аяз ата мен ақшақар келеді)

Аяз ата: Сәлеметсіңдер ме балаларым!

 Балаларым балғыным өмір гүлім, шалғыным.

Тілеймін жыл бойы сендердің денсаулығың.

Мені көп күткен шығарсыңдар. Мен алыс-алыс жолдардан келдім. Менің балғындарым маған не әзірлеп қойды екен.

Балалар: Сәлеметсіздерме  Аяз ата, Ақшақар!

Жүргізуші: Қош келдіңіздер  Аяз ата, Ақшақар! Төрлетіңіздер!Балалардың өнерлерін тамашалаңыздар.

                                             Ән «Аяз Ата»

Жүргізуші:Аяз ата балалардың сізге арнаған өлең жолдары бар.Мына жерге отырып тыңдаңыз(Аяз атаны орындыққа отырғызады)  

Тақпақтар:

Аяз Ата: Қандай әдемі шырша. Бірақ шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне сиқырлы сөздермен оның шамдарын жарқыратайық! 

Қуант бізді таңырқат 

Шамдарынды жарқырат!

 Кәне балалар қайталап бірге айтамыз:

Балалар: Қуант бізді таңырқат

                 Шамдарынды жарқырат!(шапалақтайды) 

(Шыршы оттары жанады)

Жүргізуші:Ендеше ортаға кішкентай шыршаларымыз шығып би билесін.

                                            Би «Шыршар»

Ақшақар: Менде сендерге бос келген жоқпын. Менің жұмбақтарым бар, шеше аласыңдарма?

1. Қарға мүлгіп дала тұр

    Келе жатыр (Жаңа жыл)

2. Қызыл мұрын, ақ мұртты

   Жылда бізге келеді (Аяз ата)

3. Шырша бүгін кәделі 

    Сендер бүгін (Әдемі)

4. Көңілсіз бала жоқ

    Ойын-күлкі таралсын

    Қала нұр, дала нұр

    Құтты болсын (Жаңа жыл)

Жүршізуші:Көрдіңіздер ме біздің балалар қндай тапқыр.Ал енді біздің балалардың әсем шыршамызға арнаған әндері бар.

Ән «Шырша»

Сыйқыршы ханшайым:Балалар мен сендердің арқаларыңда жаңа жыл мерекесін қандай болатынын білдім және Аяз ата мен ақшарақмен таныстым.Енді бір көңілді ойын ойнағым келіп тұр.

Ойын: «»

Аяз ата: Жаңа жылдарыңмен достар, сендерге жаңа

жыл бақыт әкелсін! Ақшақар шанамызға мінейік алда барар ауыл бар.

Жүргізуші: Аяз Ата, балаларға сыйлықтарын беруді ұмытқан жоқсыңба?

Аяз ата: Дұрыс айтасың қазір берейін (іздейді таба алмайды.) Сиқыршы ханшайым маған  сыйлықтарымды табуға көмектесіңізші..

Сиқыршы ханшайым: Енді мен мұқият боламын, шатаспаймын сыйлықтарды табуға тырысамын.(Қоңырауын сылдырлатып сыйлықты тауып береді)

Аяз Ата: Мынау менің қалтам, ши байланып қалды, ашылмай тұр. Балалар мына қалтаға бәріміз үрлейік.

Балалар: Үрлейді

(Аяз ата қалтаны шешіп,  Ақшақармен бірге сыйлықтарды таратады.)

Сиқыршы ханшайым:  Мерекеміз өте тамаша өтті. Біздің де кететін уақытымыз болды. Біз бәріміз  келесі жылға дейін қоштасамыз. Қош сау болыңыздар!(Барлығы шығып кетеді)

Жүргізуші: Осымен «Төрлет, құтты жаңа жыл!» атты ертеңгіліміз аяқталды.Мерекемізді топта жалғастырамыз.