Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
+7 (718) 2526093
email: sad126@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Майры көш., 27
Басшы +7 (718) 2526093 Қабылдау бөлмесі +7 (718) 2653273 Бухгалтерия +7 (718) 2653272 Вахта +7 (718) 2526307
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
9.00 - 18.00
"Лепбук - қазақ тілінде сөйлейміз" ата - аналарға консультация

Құрметті ата - аналар, әріптестер! Сіздерге лепбук "қазақ тілінде сқйлейміз" мектепке дейінгі ересек жастағы балаларға арналған әдістемелік құралын ұсынғым келеді. 

Лепбук құралының мақсаты: мемлекеттік стандартқа сай балаларды қазақ тілін үйрету бойынша режимдік кезендер мен ойын әрекеті кезінде лексиканы аз мөлшерде үйрету. 

Міндеттер:

- қазақ тілінде сөйлемдерді құрастыру кезінде дұрыс біліктерді, икемдер мен дағдыларды қалыптастыру;

- сұрақтар қою, сөйлемдерді айту;

- есте сақтау, ойлау, сөздік байланысын дамыту;

- қазақ тілін үйренуге қызығушылығын тудыру.

Лепбук не үшін қажет?

1. Оқытылатын тақырып бойынша материалды түсіну және есте сақтау үшін баланың алған ақпаратты өзінің қалауы бойынша түсінуге ықпал етеді. 

2. Өткен материалды қайталауға ыңғайлы әдіс. Баланың ыңғайлы уақытында қажетті материалды лепбук арқылы қайта есіне түсіре алады. 

3. Бір мезгілде әртүрлі жастағы оқытылатын бір топта балалардың ортақ сабақта лепбукты қолдануға тиімді. 

Лепбук мемлекеттік тілді оқыту құралы ретінде. 

Балабақшада қазақ тілін үйрету - мектепке дейінгі білім берудегі ең өзекті мәселесі болып табылады. Бүгінгі таңдағы қалауы - қаазақ тілін жақсы меңгеруі:  ол тәрбиеленушілердің алдағы оқуына, интеллектуалдық және өнегелі қалыптасуына қажет. Бала кезінен басқа тілдерді үйрену Л.С. Выготскийдің, А.М. Шахнарович, А.А. Леоньтевтің зерттеулерінде жазылған. Олардың ойынша мектепке дейінгі ересек жастағы балалар тілдерді үйренуге лайықты кезі болып есептелінеді. 

Қолдану нұсқалары

Лепбук "Қазақ тілінде сөйлейік" көпфункционалды, ол белгілі мақсатта бірнеше ойыннан құралған. Конверт, қалта, гармошкаларға тақырыпқа байланысты түрлі материалдар салынып, бала әр сайын жаңа сөздерді үйренеді, әлі оқытылмаған материалды өзі біле алады. Лепбук жеке сабақтар түрде және бір топта бір мезгілде түрлі жастағы балалар ойна алады. Әр баланың мүмкіншілігіне сай тапырмаларды іріктеуге болады: сәбилер топтағы балаларға - қалталарға жеміс - көкөніс немесе отбасының мүшелерін салып, оларды атауға, ал мектепалды топтағы балаларға - санау, оқу және қазақ тілінде сипаттама беру тапсырмаларын беруге болады.