Егер сыйлықтың, қызметтің және т.б. құны 2 АЕК аспаса
366-бап. Пара алу
1. Пара алу – мүлкі тәркіленіп, параның 20 еселенгеннен 50 еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2.Айтарлықтай мөлшерде жасалған іс-әрекеттер, сол сияқты заңсыз әрекеттері (әрекетсiздiгi) үшiн пара алу – мүлкі тәркіленіп, параның 50 еселенгеннен 60 еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не 3-7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
367-бап. Пара беру
1. Пара беру – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, параның 20 еселенгеннен 30 еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Айтарлықтай мөлшерде жасалған дәл сол іс-әрекет – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, параның 30 еселенгеннен 40 еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не 3-7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫКОДЕКС
Егер сыйлықтың, қызметтің және т.б. құны 2 АЕК аспаса
676-бап.Жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi
Жеке тұлғалардың мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаларға немесе оларға теңестiрiлген тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi не қызметтер көрсетуі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, – 200 АЕК айыппұл.
677-бап. Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның заңсыз материалдық сыйақы алуы
Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның жеке өзi немесе делдал арқылы заңсыз материалдық сыйақыны, сыйлықтарды, жеңiлдiктерді не көрсетілетін қызметтерді ұсынған тұлғалардың пайдасына әрекеттерi (әрекетсiздiгi) үшiн осыларды алуы, егер мұндай әрекеттер (әрекетсiздiк) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның қызметтiк өкiлеттiктерiне кiретiн болса, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлері болмаса, – 600 АЕК айыппұл.
678-бап. Заңды тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi
1. Заңды тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi не қызметтер көрсетуі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, – 750 АЕК айыппұл.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер – 1500 АЕК айыппұл.