Телефон доверия
(87182)518026
Адрес: г.Павлодар, ул.Минина 31
(87182)515935
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Понедельник 9.00-13.00 Среда 14.00-18.00
Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау
Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау

Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау

Қоғамда көрініс тапқан әйелдерге және балаларға қатысты зорлық - зомбылық мәселелеріне байланысты  зорлық - зомбылықтың жолын кесу және алдын алу үшін бірқатар кешенді іс – шаралар. Сонымен, Қазақстан Республикасы ІІМ -нің жүйесіндегі қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті жүзеге асыру бойынша әкімшілік полиция құрылымында  әйелдерді зорлық - зомбылықтан қорғауды ұйымдастыру бойынша жеке, арнайы жұмыс атөарылады.

Әйелдерді зорлық - зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімше қызметінің негізгі бағытының бірі зорлыққа тап болған әйелдерге психологиялық, заңдық көмек көрсету, сонымен қатар қоғамда, жанұяда әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық фактілері туралы өтініштерді және шағымдарды қарастыру болып табылады.

Зорлықтын түрлері:

- эмоциалық зорлық – балағаттау, қорлау, сөгу, өзін-өзі құрметтеуді жоғалтуға әкелетін немқұрайды қарым-қатынас, негізсіз қызғаншақтық , балалардың жеке өміріне қол сұғу;

- физикалық зорлық - отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды қолданатын эмоцианалдық зорлық;

- экономикалық зорлық - үйден тыс жерде жұмыс істеуге тыйым салатын, ақша бермей немесе оларды өмір сүруге жетпейтін мөлшерде беретін, әйелінің немесе баласынын жеке ақшасын алып қоятын, табысын жасыратын эмоцианалдық зорлық;

- жыныстық зорлық - әйелдің қалауына қарсы жыныстық қатынасқа мәжбірлеу, зорлау, балаларды жыныстық зорлау;

- қауіп- қатер - отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немесе балаларын ұру немесе өлтіру, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу, құқыққа қарсы әрекеттер жасауға мәжбірлеу;

- балаларды анасына қарсы қолдану - әйелін өз балаларын ешқашан көрсетпейтіндігімен қорқыту, тастап кеткен балаларына қатысты өзін кінәлі деп санаумен қорқыту, қорқытатын жолдауларды беру үшін балаларды қолдану;

- қорқыту – жиҺаздарды немесе ыдыс-аяқты сындыру, қирату, үй хайуанаттарына қатыгез қарым-қатынас, үйде қару- жарақ ұстау;

- айналасындағылардан оқшаулау - туысқандарымен және достарымен қарым- қатынас бостандығынан шектеу;

Егер сіз, немесе сіздің туысқандарыңыз, таныстарыңыз күш көрсету және моральдық зорлыққа ұшырасаңыз, біздің қызметкерлерге жолығыңыз, Сіздің мәселеңіздің оң шешілуіне, Сізге заңдық және моральдік көмек көрсетеді. Біздің мекен- жайымыз: Павлодар қаласы, №18 учаскесі , Целинная 46/1  байланыс телефоны:   624712   391985   87004184095  Айтжан Алимжан Толегенлұлы,  немесе 102, 112 телефон соғу тегін

Қымбатты әйелдер! Зорлық фактілері туралы үнсіз қалмаңыздар және полициядан көмек сұрауға қорықпаңыздар! Зорлаушы өзінің жазаланбайтынын сезіп, одан сайын қатыгез және зұлым болады, сонымен қатар балаларды да зорлық-зомбылыққа ұшыратады.

Оның алдындағы өзіңіздің үрейіңізді басып, құқық қорғау органдарының күші мен көмегіне сеніңіз! Зорлаушыға қарсы қолданылатын көптеген жазаның түрлері бар – ескерту, айып салу, әкімшілік қамау, түзету жұмыстары және басқалар. Жүйелі соққы беру жағдайында зорлаушы бостандығынан айырылуы мүмкін.