Ата-аналарға мұны білген жөн!
Кене - қауіпті жәндік немесе біз кене энцефалиті туралы не білеміз?
Кене энцефалиті – қоздырғышы вирус болып табылатын, адамның орталық нерв жүйесін зақымдайтын, белгілі территория көлеміне ғана тән жұқпалы ауру. Адамға ауру кененің шағуы арқылы беріледі. Ауру жедел басталады: дене қызуы көтеріліп, бас ауруы пайда болады, сонымен бірге мойын мен иықтың аймағындағы ауырғандық сезімі мазалайды. Кененің аса жоғары белсенділік көрсететін кезеңі мамыр мен маусым айларына келеді, бірақ бірлі- жарым кенелер қыркүйек айында да қауіптілік тудыруы мүмкін. Кенелер көбінесе ағаштары қалың өскен, қалың шөп жамылғысы бар аралас ормандарда тіршілік етеді. Жолдардың жиегіне жинақталған кенелер сол маңайдан өткен адамдарға шабуыл жасайды. Кенелер қандай да болмасын ауа райы кезінде, тәуліктің қандай да болмасын мезгілінде белсенділік танытады. Аса жоғары белсенділіктері күннің жылы мезгілінде байқалады.
Орманға барған кезде: ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН: -әрбір 2-3 сағат сайын киімдеріңізді тексеріп тұрыңыз; -орманнан шыққаннан кейін өзіңіз өзіңізді немесе қасыңыздағы жолдасыңызбен бір-біріңізді тексеріңіз. Барлық үстіңізден түскен кенелерді ешқашан қолмен басып өлтірмеңіз, оларды шырпының көмегімен өртеп өлтіру қажет. Үйге қайтқан соң барлық киімдеріңізді, денеңізді мұқият тексеріп шығыңыз. Кене көбінесе бастың шашты бөлігіне, қолтық асты мен шап аймағына көптеп жабысады. Денеңізден кене табылған жағдайда оның жабысқан жеріне вазелин, не өзге де майлы зат жағып 30 минуттан кейін абайлап алып тастаңыз. Бұны жіптің көмегімен жасаған дұрыс. Кене алынған жерді йод, спирт немесе одеколонмен сүртілуіңіз қажет. Денеңізден кене табылған жағдайда дәрігерге қаралу керек. Есіңізде болсын: қарапайым жеке қауіпсіздік ережелері сіздің денсаулығыңызды сақтап қалады. Және кене энцефалиті өте қауіпті ауру екенін ҰМЫТПАҢЫЗДАР!