Сенім телефоны
(87182)518026
Мекенжайы: Павлодар қ., Минин көшесі, 31
(87182)515435
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі 9.00-13.00 Сәрсенбі 14.00-18.00
Артикуляциялық жаттығулар
Артикуляциялық жаттығулар

Артикуляциялық жаттығулар

   

     Артикуляциялық жаттығулардың негізгі мақсаты тіл дыбыстарын дұрыс айтуға керекті сөйлеу мүшелерінің қимыл – қозғалыстарын толық жетілдіру. Әр жаттығудың өзіндік аты бар және сол аттарын балалар есіне сақтап білуі қажет. Біріншіден, атаулар балаларды жаттығу жасауға қызықтырады, екіншіден, жұмыс барысында уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.

     Логопед әрдайым жаттығуды қалай жасау шарттарын түсіндірмей тек оның атын айтса жеткілікті. Мысалы, «ат шауып келеді» немесе «сағат». Жаттығуларды дұрыс  орындау тәсілдеріне тоқталайық:

а) «Сағат» денені жан-жаққа ию.

Иілген кезде «ту-у-у-у-ух»дыбыстап терең тыныс шығару

б) «Доптар ұшады» кеудесінен алдына қарай лақтыру

Дем шығарған  кезде ұзақ  «ух-х-х-х» деп, айту.

в) «Поезд» бір демде айту «Ту-ту-ту-ту»

г) Дем алып С-с-с   Ш-ш-ш  Ф-ф-ф

д) Машинаның  дөңгелегі жарылды ш-ш-ш

е) «Ұлпа қарды  үрлеу»     

Мақтаны үрлеу арқылы дем шығару

 

«Терезе». Балаға аузын кең ашып «Ыстық» деп айтуын сұраңыз, ал сосын еріндерін кішкені жауып «суық» деп айтқызыңыз.

 

«Пілдің тұмсығы» - еріндер біріктірілген және алға қарай қатты созылады

«Тісімізді тазалаймыз» - Бала, ерінің күлген секілді жасап, тілімен төменгі тістерінің ішкі жағынан,  сосын үстіңгі тістерін тазалағандай қимылдар жасату.

«Тәтті тосап» – жалпақ тілді шығарып жоғары ерінді жалап, тілді ауыз қуысына тереңірек апару.

«Сағат» – тілді жіңішкертіп ұстап оңға, солға жайлап қозғау керек. Осылай санап отырып 15-20 рет қайталау керек.

«Алтыбақан» – жіңішке тілді ауыздан шығарып біресе мүрынға созып, біресе иекке созу жаттығуды жасағанда ауыз ашық болу керек.

«Кесе» - ауыз кең ашық. Жалпақ тілді жоғары тіске қарай көтеріп 10-15 секунд ұстап тұру керек. Бірақ тіл тіске тимеуі керек.

«Жаңғақ» - ауызды жауып, оңға - солға тілдің ұшымен беттің бұлшық етін итеру.

«Ат шауып келеді» – ауызды кең ашып тілді таңдайға жапсыру – айыру немесе таңдай қағу. Аталған жаттығулардан тек әр дыбысқа керекті жаттығулар алынады.

Саңырауқұлақ-ауызды кең ашып, тілді таңдайға жапсыра ұстап тұрып төменгі жақты басып ауызды кең ашып ұстау.

«Кеме» - ауызды кішкене ашып  [ы] дыбысын ұзақ айту. Тілдің ұшы төмен және ауыз құысында терең орналасуы керек, ал тіл арқасы таңдайға қара көтеріңкі болуы керек.

«Күрекше» – жалпақ тілді шығарып, астыңғы ерінге ұстап тұру керек.

«Мысық (төбешік)» – ауызыңды жартылай ашып, тілдің екі жақ шетін жоғары азу тістерге жапсырып, тілдің ұшын астыңғы тіске тіреп ұстау.