Телефон доверия
(87182)518026
Адрес: Павлодар қ., Минин көшесі, 31
(87182)515435
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі 9.00-13.00 Сәрсенбі 14.00-18.00
Ұсақ қол моторикасынын дамытудың маңызы
Ұсақ қол моторикасынын дамытудың маңызы

Ұсақ қол моторикасынын дамытудың маңызы

 

      Саусақтар мен ойнау ата-аналарға балаларын қуантуға, сонымен қатар, сөйлеуі мен ұсақ моторикасын дамытуға мүмкіндік береді. Осындай ойынның нәтижесінде бала әртүрлі сенсорлық әсерлер алады. Мұндай ойындар балалармен, ересектер мен мейірімді өзара қарым-қатынасты қалыптастырады.

      Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады. Сөйлеу тілі мүшелері  әрекетін қозғауларының  дамуы қолсаусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету-тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды. Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Баланың тілі негізінен мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Бұл кезеңде ағзаның барлық бөліктері және жүйелері қарқынды дамып, баланың дене және ой дамуына қажетті қозғалыстағы таным іскерлігі қалыптасады. Мектепке дейінгі кезеңде қолдың ұсақ моторикасы мен қимыл-қозғалыстарын дамыту жұмыстары маңызды болып табылады.

      Қол саусақтар жаттығулары есте сақтау және назар аудару қабілетін дамытатындығын психологтар айтып кеткен. Тақпақты саусақтар жаттығу- лары  ырғаққа  ілесіп қимылдауына және баланың сөйлеу ырғағының қалыптасуына көмектеседі. Сондықтан баланы ерте жастан бастап шынықтырған жөн. Саусақ ойындары сөйлеу лексикасының, сөздердің өзара байланысының (диалогтыдұрысжүргізуге, түсінік айтуға,т.б.) шыңдалуына себепші.

   Балалардың сөйлеу құзыреттілігі дұрыс және сөздік қоры бай болса, оларға өз ойын жеткізу оңайға түседі, қоршаған ортаны танудағы мүмкіндіктері кеңейеді, психологиялық дамуында белсеніс күшейеді. Сондықтан баланың сөйлеу құзыреттілігін қалыптастыруды уақытылы қолға ала отырып, анық әрі дұрыс сөйлеуін қадағалау керек. Балалардың сөйлеу құзыреттілігінің дұры сөз деңгейінде жетілуі, оның ата-аналарын да, тәрбиешілерін де толғандыру қажет.  Балалардың сөйлеу құзыреттілігі жоғары деңгейде қалыптасуы ұсақ моторика тәсілдері мен құрылымына байланысты.

    Ұсақ моториканы дамытудың маңызы неде? Ұсақ моторикаға адамның бас миында саусақ қимылдарды дамыта отырып, сөйлеуге жауап беретін орталықты дамыта аламыз. Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасыартады. Саусақ ойынын ойнай отырып, бала саусақтарының қимыл-қозғалыстарына қарап қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады, үйренген өлең шумақтарын қайталап айта отырып, есіне сақтайды және бала екі қолын қимылдата отырып, оң – сол, жоғары – төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алады.       

    Неліктен баланың ұсақ моторикасын дамытуымыз керек?
Адам миының сөйлеуге және қолдың ұсақ қозғалысына жауап беретін аумағы өте жақын орналасқан. Яғни ұсақ моторикаға стимул жасау арқылы біз сөйлеу әрекетінің белсенділігін арттырамыз. Ұсақ моторика баланың өсе келе киініп шешінуіне, сурет салуына, жазуына көмектеседі.

    Саусақ ойындарының нәтижесінде бала неніүйренеді:
Баланың сөйлеу тілі жетіледі;
Қимылды қозғалысы артады;
Икемділігі артады;
Логикалық ойлауы дамиды;
Танымдық деңгейі артады.