Ата — ана мен баланың арасында екі түрлі көзқарас болмауы тиіс. Бұл әлі өмірге деген өз көзқарасы қалыптаспаған, жасы кәмелетке толмаған балаларға қатысты.
Ата — анасы көш бастайтын көсем болуы қажет бала үшін. Демек, ата — ана әрбір іс — әрекетіне мән беруі қажет. Білікті, білімді, қайсыбір жағдай болмасын, сабырмен қабылдап, нені болмасын, сабырмен қабылдай алатын көшбасшының (ата — ананың) соңынан ереді бала да. Өйтпеген жағдайда бала тарапынан қарама — қайшылықты анық көретін боласыз.
2 жасқа келгенде баланың қалауы (орынды болса ғана) ата — ана үшін заңды. Одан кейінгісі — еркелік. Демек, уақыт өткізбей ертерек қателіктердің орнын толтырып, бала бойындағы еркелікті түзеуге ұмтылған дұрыс
4 — 5 жасында — ақ өз қалауын ата — анасына сөзсіз орындататын бала ерке.
4 — 5жасқа келгенде бала ата — анасының неге рұқсат етіп, қай қалауының теріс екендігін түсіне білуі тиіс. Егер осы жасқа дейін ата — ана мен баланың арасындағы қарым — қатынас өз деңгейінде қалыптасса, демек, әрі қарай да олардың арасында қандай да бір үлкен түсініспеушіліктер болмайды.
