ӨЗІҢ ЖӘНЕ ӨЗГЕГЕ КӨМЕК КӨРСЕТУ.

ӨЗІҢ ЖӘНЕ ӨЗГЕГЕ КӨМЕК КӨРСЕТУ.
Кездейсоқ жағдайларда, зақымданғанда, ауырып қалған кездерде зардап шеккендердің өмірін сақтап қалу шаралары:
Алғашқы медициналық көмек көрсету:
- Зардап шеккен адамды алып шығу (үйіндіден, газға уланған жердан) және зардап шегушінің өміріне қауіп төндіретін жағдайды болдырмау (шок, асфиксия, қан кету);
- Зардап кезеңдерін анықтау;
- Зардап шегушіні медициналақ көмек көрсетуге ыңғайлы жерге көшіру;
- Талаптарға сай көмек көрсету.
Көп таралған зақымданулар және алғашқы көмек көрсету.
Травматикалық шок: Көбінесе травма немесе күйіктен болады.
Керек:
- Зардап шеккен адамды арқасымен жатқазып, құсқан кезде басын жанына қарату;
- жүрегі соғып тұрғандығын тексеру керек. Егер соғып тұрса - реанимацияны бастау қажет.
- қан кетуді тез арада тоқтатып, сынған жерлерді қауіпсіздендіру.
- ауруды бәсеңдететін таблетка дәрі. Егер жоқ болса, 50-70г. ішімдік беру қажет.
Болмайды:
- қатты зардап шегушіні таңусыз орнын ауыстыруға;
- күйіктен кейін жабысып қалған киімін шешуге;
- іші ауырған кезде су беруге.
Қатты қан кету
Керек:
- зақымданған тамырды қолмен қысу;
- зақымданған аяғын қатты бүгіп, тізесіне қою немесе мата орандысымен таңу;
-
қатты қан кеткен кезде, жараны стерильді
салфеткамен жабу немесе бинтпен орау.
