Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Менің Қазақстаным"балалар суреттерінің көрмесі өтті
2021ж. 07.12. бастап 2021ж.15.12. дейін балабақшада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Менің Қазақстаным"балалар суреттерінің көрмесі өтті. Көрмені өткізу алдында Қазақстан Республикасы туралы мектеп жасына дейінгі балалардың білімдерін жүйелеу және таныстыру бойынша топ тәрбиешілері үлкен жұмыс атқарды.
Аталған іс-шараның мақсаты патриотизмді, Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылықты арттыру болып табылады.
Балалар үлкенынтамен суреттер салды. Сондықтан , жұмыстары жарқын, қызықты, ерекше болды.
