Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
67-63-03, WhatsApp 8(705)176-87-85
Адрес: Ак.Сәтбаев көшесі 249.
67-63-03 – басшы/ қабылдау бөлімі 67-63-01 – бухгалтерия 67-69-76 – вахта/ медкабинет
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Басшының қабылдау кестесі: Сейсенбі 15:00-18:00 Бейсенбі 15:00-18:00 Қабылдау бөлмесінің жұмыс кестесі: 9:00 - 18:00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Бейімделу кезеңі
Бейімделу кезеңі

Бейімделу кезеңі-балалар үшін маңызды сынақ. Бейімделуден туындаған стресстік реакциялар баланың эмоционалдық жағдайын ұзақ уақытқа бұзады. Сондықтан біз келесі жағдайларды есте сақтауға  ұсынамыз:

*Бала баратын балабақша тобындағыкүн тәртіпке сәйкес үйдегі күн тәртібін жоспарлау ;

*Балабақшаның мәзірімен танысу және баланың мәзіріне жаңа тағамдарды енгізу;

*Баланы үйде өзіне-өзі қызмет көрсетудің барлық қажетті дағдыларына үйрету: жуыну, қолды сүрту; киіну және шешіну; тамақ кезінде қасық пайдаланып, өз бетінше жеу; дәретханаға сұрану. Баланың жасына сай киімі  ыңғайлы болуы керек, оңтайлы нұсқасы: баусыз шалбар немесе қысқа шалбар;

*Баланың "әлеуметтік көкжиегін" кеңейту, ол балаларға арналған ойын алаңдарында құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, жолдастарына қонаққа баруға, әжесінің үйінде ұйықтауға, қала бойынша серуендеуге және т. б. үйрету керек.

Мұндай тәжірибе арқасында, бала құрдастарымен және ересектермен сөйлесуден қорықпайтын болады.

*Балада оң ұстанымды, балабақшаға баруға ықыласты қалыптастыру қажет. Балаға ата-аналар тарапынан эмоционалдық қолдау қажет: балаға сіз оны жақсы көретініңізді жиі айтыңыз, құшақтап, қолына алыңыз. Естеріңізде болсын, баланың балабақшасына баруы сияқты маңызды оқиғаға ата-аналар тыныш және эмоционалды оң қарайды, соған қарамастан бейімделу процесі ауыр болады.

*Бірінші күні сүйікті ойыншықты алып, балабақшаға келу жақсы;

*Балабақшаға барғандағы алғашқы айда баланы күн бойы балабақшада қалдырмауға тырысыңыздар. Балабақшаға барудың алғашқы апталары 2-3 сағатқа шектелуі тиіс, кейін баланы түскі асқа дейін қалдыруға болады, айдың соңында (егер бұл тәрбиеші ұсынса) баланы күні бойы қалдыруға болады;

*Үйде бейімделу кезінде күн тәртібін сақтау, демалыс күндері көп серуендеу, эмоциялық жүктемені төмендету қажет;

*Балабалабақшаға тек дені сау болуы керек. ЖРЗ және ЖРВИ алдын алу үшін витаминдер қабылдап, мұрын жолдарын оксолин жақпа майымен майлау қажет.

            Жоғарыда көрсетілген барлық ұсынымдарды орындау міндетті болып табылмайды. Бірақ оларды орындау сіздің балаңызға бейімделу кезеңінен ауыртпалықсыз өтуге көмектеседі.