Тілдер күніне арналған "Достық оркестрі" қызықты музыкалық ойын-сауық өтті.
21 қыркүйек күні ересек, мектепалды топтарында Тілдер күніне арналған "Достық оркестрі" қызықты музыкалық ойын-сауық өтті. Ойын-сауық өткізу барысында патриоттық және адамгершілік тәрбие, әртүрлі ұлт адамдарына толерантты қарым-қатынас міндеттері іске асырылды. Балалардың мереке туралы білімдері жүйеленді және жалпыланды. Мерекеде әндерді, билерді, ойындар мен өлеңдерді әртістік орындау балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Мерекеде мерекелік көңіл-күй мен жағымды эмоционалды көңіл-күй қалыптастырылды.
