Сенім телефоны
8(7182)533200
email: sad51@goo.edu.kz
Мекенжайы: Академик Сәтбаев көшесі, 13
8(7182)533200 - басшы 530759 - әдіскер 653285 - бухгалтер 533092 - медбике
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
09.00-18.00. Түскі үзіліс/Обеденный перерыв -13.00-14.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мектеп жасына дейінгі баланың сауықтыру іс-шаралары
Мектеп жасына дейінгі баланың сауықтыру іс-шаралары

Балалардың шынығуы мен сауықтыруы

Баланың денесін бірінші күндерінен бастап және ылғи да шынықтырудың маңызы зор. Дене температурасының тұрақтылығы термореттеу процесі арқылы сақталады.                                                       Әдістері: Ауа, су, күн сәулелері осының бәрі негізгі шынығу әдістеріне жатады.

Таза ауа. Таза ауа – шынығудың ең кең тараған және жеңіл түрі. Бұл жағдайда жыл мауысымының ерекшелігі ескерілуі тиіс:

-       Жылдың жылы кезеңінде шынығу үшін ұзақ уақыт таза ауада серуендейді; ауа температурасы 16 с-тан төмен болмаса, үйдің терезесін ашып қойып ұйықтауға болады;

-       Жылдың суық кезеңінде шынығу үшін белгілі бір уақыт жаяу серуендеу, шаңғы тебу, жеңіл киініп, шынығу жүгірісі деп аталатын «баяу», «жүгіру», «коньки тебу» т.б пайдаланылады. Далада организмді мұздатып алмау үшін тез қимылдап, жаттығуды ұзаққа созбайды.

Су процедурасы. Су ауаға қарағанда жақсы шынықтырады. Судың жылу өткізгіштік қасиеті ауаның жылу өткізгізгіштігінен 23 есе артық. Су теріс температуралық әсер етумен бірге механикалық әсер етіп – массаж жасайды. Капиллярлық қан айналысын жақсартады. Су көмегімен үй жағдайында шынығу ең көп тараған түрлері:

-       Денені сулы орамалмен ысқылап сүрту – суық судың температурасы 34 – 35 с-тан төмен болмағаны жөн. Күн сайын дымқыл орамалмен сүртінгенде 6-7 күннен кейін судың температурасын 1 c-тан төмендетіп отырып, оны 24 – 22 c-қа дейін жеткізеді. Денені дымқыл ормалмен ысқылауды және суық сумен жуыну осы температурада 2-3 ай бойы жасайды.

-       Душ – шынығудың тиімді тәсілі, әсіресе контрасты (қарама-қарсы) деп аталатын душ қабылдау. (бірақ бұны тек дені сау және едәуір шыныққан адамдар пайдаланған жөн).

Күн шуағына шынығу. Күн шуағымен шынығудың ең тиімді уақыты – 9-дан 11 – ге дейін. Балаларға 11- жасқа дейін ағаштың көлеңкесінде шынығу керек. Бұл әдіс қимыл-қозғалыс ойындар кезінде жақсы.

Дене жаттығулары. Дене жаттығуларына таңертеңгілік гимнастика, дене шынықтыру сабағы жатады.

Шомылу. Айдың суға шомылудың пайдасы зор, ол денені шынықтыруға жан-жақты әсер етеді, өйткені судың термикалық және механикалық тітіркендіру әсері ауа, күн сәулесі әсерлерімен және суда жүзу қимылымен ұласады.

«Морж болу» Қыста суық суға түсумен («морж» болу) тек денсаулығы зор адамдар ғана айналысуға болады. Ол үшін организмді суық судың әсеріне алдын-ала біртіндеп (1 жылдан кем емес) үйретеді. Суық суға 20 – 30 секундтан артық түспей, тез, жылдам қимылдау қажет. Қыста суға түсумен шұғылданушылар дәрігердің бақылауында болады.

Моңша. Шынығудың тағы бір түрі –моңшаға түсу. Ол дем алуға және қан айналымына күшті әсер етеді.