8-Мамыр Кенжекөл бақшасында мерекелік спорттық жарыс өткізілді. Оған ортаңғы екі топ және ересек топтары қатысты. Моряктар, Десанттар және жаяу әскер командасының бүлдіршіндері отанды қорғауға дайын екенін дәлелдеп берді. Мереке жоғары деңгейде өтті. Балалар қатты риза болып, қуаныштарымен бөлісті.
Біздің бақшада бүлдіршіндердің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығына көп көңіл бөлінеді. Үнемі сергіту сәттері, таңғы жаттығулар, шынықтыру сағаттары, аурудың алдын алу шаралары жүргізіліп, қадағалап отырылады. Міне бүгін жоспар бойынша жаппай медициналық тексеруден өткізу жұмысы жүргізілді. Төртінші поликлиниканың алдыңғы қатарлы мамандары келіп сапалы тексеріс жасады. Тексерістен үш және алты жастағы балалар жүз пайыз өтті.
03.05.2019 жылы аяғында қорытынды сайыс аумағында бақшаның алты тобында сергіту сәтін орындау жарысы болды. Бүкіл топ сергіту сәтін жоғары деңгейде, сапалы нақышына келтіріп орындап берді. Әсіресе көзге түскен 2 Кіші Ә тобы болды. Жастары кішкентай бүлдіршіндер жиырмадан аса сергіту сәтін көрсетті. Заттарды қолдана отырып, сапалы түрде, синхронды түрде нақышын келтіріп орындады. Бірінші орынға ие болған бүлдіршіндер тәттіге ие болды. Тәрбиешілер ақшалай сыйлық алды.
Кенжекөл бақшасында бүлдіршіндер 1-мамыр Бірлік күнін, әр түрлі халықтар ынтымақтастығы мерекесін керемет концертпен атап өтті. Грузин, өзбек, орыс және қазақ халықтарының туын алып шығып Қазақстан әнұранын айтты. Мерекенің бетін ашып, айтылған мемлекеттердің биін билеп, әнін айтып, ойындарын ойнады. Соңында флэшмоб жасап, концерттен ерекше әсер алды. Халықтар ынтымақтастығы жасасын!
Наурыз – көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған. Бұл мейрамды ежелгі гректер “патрих”, бирмалықтар “су мейрамы”, тәжіктер “гүл гардон”, “бәйшешек”, “гүлнаурыз”, хорезмдіктер “наусарджи”, татарлар “нардуган”, буряттар “сагаан сара”, соғдылықтар “наусарыз”, армяндар “навасарди”, чуваштар “норис ояхе” деп түрліше атаған. Әбу Райхан Бируни, Омар һайям, т.б. еңбектерінде шығыс халықтарының Наурызды қалай тойлағанд
1991 жыл. Қазақ халқы үшін ақ түйенің қарны жарылған, киелі жыл. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып жарияланған жылы. Қиын қыстау күндердің артта қалып, қазақ халқының арқасын кеңге жайып, азат болған қасиетті жылы. Бүгінде Тәуелсіздігімізге 21 жыл. Аспанымыз ашық, кең байтақ жеріміз, тәуелсіз еліміз бар. Жерімізде жайқалып өскен гүл, көгімізде самғап ұшқан құс, езуімізде күлкі , желбіреген көк байрағымыз, «құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй» демекші әр азаматтың бойын баурап алд
"Рухани жаңғырудың жарқын жолы" бағдарламасы аясында балабақшада тәрбиеленушілермен білімпаз, мақал-мәтел сайысы, "Менің Қазақстаным!" тақырыбында жоба, сурет көрмесі өткізілді. Ба...
Сәбилер бақшасының қызметкерлерімен "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру!" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында көптеген сұрақтар талқыланып, бағдарлама мақсаты таныстырылды.
Сәбилер бақшасында ересек және ортаңғы топтары арасында "Күз аруы!" сайысы ұйымдастырылды. Ару қыздар ән айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетіп, әділқазыларды тамсандырды.
Күз сыйлықтары!
Сәбилер бақшасында "Күз сыйлықтары!" тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Көрмеге сәбилер бақшасының барлық топтары қатысып, өз өнерлерін көрсетті.
Сәбилер бақшасында "Алтын күз!" тақырыбында ойын-сауық ұйымдастырылды. Балабақшаның барлық топтары қатысып, ән айтып, кейіпкерлемен бірге би билеп, ойын ойнап көңілдерін көтерді.
Сәбилер бақшасында "Жаңа оқу жылының жылдық жоспары!" тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы
Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймын! Құрметт...
Балабақшаның естияр тобының ұлдары Кенжекөл ауылының "Сұңқар» балалар-жасөспірімдер клубына саяхат жасап, өз күштерін шыңдап көрді. Тәрбиеленушілер денсаулықтарын ңығайту мақсатында әртүрлі...
Балабақшаның ортаңғы топ балалары мен ересек топ тәрбиеленушілері "Кітапханаға саяхат" жасап, кітапханашымен кездесіп, әртүрлі көркем әдебиетпен танысты. Кітапханашы балаларға арналған ертег...
Балабақшада "Айналайын абайла!" тақырыбында ойын-сауық өтті. Тәрбиеленушілер жол қызметкерімен бірге жолда жүру тәртібін еске түсіріп, "Көңілді бағдаршаммен" бірге көңілдерін көтер...
Балабақшада "Қош келдің, жаз!" атты ойын-сауық өтті. Іс-шара барысында балалар кейіпкерлермен бірге ойын ойнап, би билеп көңілдерін көтерді.
2 маусым күні балабақшада "Қазақстан Республикасының Рәміздер күні!" тақырыбында оқу қызметі ұйымдастырылды. Бұл күні тәрбиешілер балаларға Елтаңба, ту, Әнұран, президентіміз жайлы түсінік б...
1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні ерсек және естияр топтары "Әрқашан күн сөнбесін!" тақырыбында асфальтта сурет байқауын өткізді.
Балабақшада "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар!" атты спорттық сайыс ұйымдастырылды. Сайыс барысында " "Тұлпар" және топтары өздерінің ептіліктері мен шыдамдылықтарын к...
