Біздің балаларымыз "Аю мен маса" атты ертеңгілігін шебер көрсетіп шықты. Балаларымызды ІІІ орынмен марапаттады.
Біздің балаларымыз "Аю мен маса" атты ертеңгілігін шебер көрсетіп шықты. Балаларымызды ІІІ орынмен марапаттады.
"Қазақ ертегілері" фестиваль-байқауына балаларымыз "Аю мен маса" ертеңгілігін көрсетті. Осы ертеңгілік арқылы балалардың халық ауыз әдебиетіне деген сүйіспеншілігіне үйретеді.
28 ақпанда күні № 122 мектепке дейінгі гимназиясында "Қазақ ертегілер" фестиваль- байқауы өтті. Осы фестиваль-байқауда балаларымыз "Аю мен маса" атты ертеңгілігін көрсетті.
Басшы Н.Е.Жақсыбекова педагог қызметкерлерін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауымен таныстырды.
"Гүлім-ай" ересек "А" тобының балалары Кулше қыз келгенше ән айтып би биледі.
Уа халайық жараңдар,
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдық бұл тойды
Салтанатқа санаңдар.
Жаңа жыл ертеңгілігі балаларға мерекелік көңіл күй тудырды.Шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, Аяз ата мен Ақшақардың, қоянның киімдеріне назар аударып, көңілді ойындарына қуанды.
І сәбилер тобында "Әсем шырша жанында" ереңгілігі өтті. Балаларымыздың алғашқы жаңа жыл мерекесі болды. Құтты болсын жаңа жыл!
Әсем шырша сәнденген,
Өз аңдарын күтеді.
Жаңа жылмен бірге біз,
Орманға кеп жетеді.
Ортаңғы "А" тобының ұлдары өздерін кішкентай құртақандардай сезініп, "Құртақандар" биін билеп берді. Ата-аналар өздерінің бүлдіршіндерінің биіне қуанып қалды.
Ортаңғы "Б" тобында жаңа жыл мерекесіне орай "Ғажайып кілт" - атты ертеңгілік өтті. Бұл жаңа жыл мерекесі балаларға қызықты өтті.
Кел билейік сенімен,
Деймін тартып жеңінен
Еріп кетпе Ақшақар.
Адамдардың демімен.
Жасыл шырша орманнан,
Бізге арнайы келіпті.
Ойыншығын балалар,
Шыршаға әсем іліпті.
"Айгөлек" І сәбилер тобының бүлдіршіндері қоянның, түлкінің, ақшақардың, батырдың киімдерімен жаңа жылдың мерекесін ашты. Балаларымыз бүгін сәнді киімдерімен әдемі болды.,
Тәуелсіздік мәңгілікке сақталсын,
Алдымызда барлық үміт ақталсын.
Тату-тәтті, бірлік болып қашанда,
Бейбіт өмір, бар халықпен жақталсын.
Биле, жастық, биле, биле, биле сен.
Көрермендер көңіл-күйін көтер сен.
26 жылдық тойын тойлап баршамыз,
Дүр сілкіндір сахнамыздың төрін сен.