Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182) 32-04-03
email: sad122@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Академик Сәтбаев к-сі, 39
басшы: 8(7182) 32-04-03 есепші: 8(7182) 32-94-87 вахта: 8(7182) 32-04-16
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
9.00-18.00
Коронавирус (COVID-19)
12-11-2020 14:34
Коронавирус (COVID-19)

Коронавирус (COVID-19) сияқты респираторлық вирустар, адам ағзасына көз, мұрын немесе тамақ арқылы құрамында вирусы бар шырыш немесе тамшылардың түсуі арқылы таралады. Көбінесе таралу қол арқылы орын алады. Қол сондай-ақ вирустың бір адамнан екінші адамға таралуының ең жиі кездесетін жолдарының бірі болып табылады.

❗️Коронавирустың белгілері қандай?
Коронавирустың белгілері өткір респи�раторлық инфекция мен тұмау белгілеріне ұқсас болып келеді. Бірақ көптеген жағдайларда бұл кәдімгі респираторлық жұқпаның симптомдары болуы әбден мүмкін:
- Түшкіру
- Әлсіздік
- Бас ауру
- Дене қызуының көтерілуі
- Тамақтың жыбырлауы
- Кеуде қуысының ауыруы
- Жүрек қағысының жиілеуі
- Тыныс алудың жиілеуі

❗️Коронавирустың алдын алу жолдары қандай?
Ең алдымен, әр адам санитарлық гигиена талаптарын сақтауға міндетті. Көпшілік тамақтанатын жерлерге, қоғамдық орындарға, базарларға барудан бас тартқан жөн.
Қолды жиі-жиі сабындап жуыңыз, арнайы антисептикалық құралдарды пайдаланыңыз. Үйіңізді (жұмыс орныңызды) таза ұстауға тырысыңыз: жиі-жиі сумен жуып, ауаны тазартып отырыңыз.
Түшкіргенде, жөтелген кезде мұрныңыз бен аузыңызды бір реттік сулықтармен жабыңыз. Ортақ тұрмыстық құралдарды пайдаланбаңыз.

Құрметті ата-аналар індет уақытында сақтанып жүріңіздер. Ауырған жағдайда үйде болыңыздар.