Кюизенер таяқшалары
Балаларды жан-жақты дамыту мақсатында педагогтарымыз түрлі әдіс-тәсілдерді өз тәжірибелерінде қолданады. Жиі қолданатын әдістеріміздің бірі "Кюизенер" әдісі.
Кюизенер таяқшалары– санауға арналған таяқшалар жинағы. Жинақ төртқырлы, 10 түрлі түстен және ұзындықтары 1 -10 см таяқшалардан тұрады.
Кюизенер таяқшалары көпфункционалды математикалық құрал болып табылады, бала "қолы арқылы" сан қатары, сан құрамы, «көп-аз», «оң-сол», «арасында», «ұзын», «биік» т.б. түсініктерді қалыптастыруға көмек береді. Жинақ бала шығармашылығын, қиялын, ойын, таным белсенділігін, қол моторикасын, көрнекі–нақты ойлауын, зейінін, кеңістікті бағдарлауды, қабылдауды, құрастыру қабілеттерін дамытады.