Наурыз мейрамы
22 наурыз – көктемгі күн мен түннің теңелу күні. Қытымыр аяз бен қара суықтың орнына көктемгі жайма-шуақ ауа райы орнап, мыңдаған шақырымды еңсерген құстар аяулы ұяларына қайтып оралатын, тіршілік атаулы жанданып, мұз құрсауында қалған өзен-көлдер еріп, қуаттана түсетін осынау берекелі маусым - түркі халықтарының ғасырлар бойы тойлап келе жатқан басты қуанышы - Наурыз мейрамы.
Ұлыстың ұлы күніне орай "Жұлдыздар" тобында ертеңгілік өтті. Балалар әсем би билеп, наурыз туралы ән шырқап өнерлерін ортаға салды. Ұлттық ойын "Асық ату" ойнап, "Бесікке бөлеу" дәстүрін көрсетті.