Буклеттер байқауы
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай #122 мектепке дейінгі гимназия тәрбиеленушілері ата-аналарымен бірігіп жасаған буклеттер байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты: балалардың шығармашылық қабілеттерін, қиялын, креативті ойлауын дамыту, отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарды нығайту, ата- аналардың балалармен эмоционалды байланыстарын кеңейту, отбасы мен білім мекемесінің өзара әрекеттесу жолдарын кеңейту.
Байқаудың шарты: буклеттер қағаздан жасалған, көлемді апликация, мөлшері А4 немесе А5, жұмыс байқау тақырыбына сай болуы керек.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мекеменің грамоталарымен марапатталды.