"Тәуелсіздік ұрпақтары"
Қазақ тарихындағы ең маңызды мерекеміз, ата-бабамыз сан ғасырлар бойы аңсап, армандап кеткен Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай "Тәуелсіздік ұрпақтары" табиғи заттардан жасалған сәнді киімдер дефилесін ұйымдастырдық. Басты мақсатымыз: қазақтың ұлттық құндылықтарын дәріптеу, қадірлеу, құрметтеу, бүлдіршіндерімізді отансүйгіштікке, елінің, жерінің алдындағы азаматтық борышын есте сақтауға, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Шарты: ата-аналар мен балабақшаның арасында тығыз байланыс орнату, ата-ана мен баланың бірлесіп шығармашылықтары мен қиялдарын дамыту. Барша қазақ елін Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз. Бейбіт аспан астында бақытты Тәуелсіздік ұрпақтарын, еліміздің болашағын тәрбиелеп, Тәуелсіздік көк байрағын аманат етіп тапсырамыз! Тәуелсіздіктің тұғыры биік, мәртебесі жоғары болсын!